Қағаз бен картон қалдықтардың қайта өңделуі

Қағаз бен осыған ұқсас өнімдердің шикізаты – целлюлоза. Өсімдіктерде табиғи түрде кездесетін целлюлоза ағаштардан алынады.

240063
Қағаз бен картон қалдықтардың қайта өңделуі

Қағаз бен осыған ұқсас өнімдердің шикізаты – целлюлоза. Өсімдіктерде табиғи түрде кездесетін целлюлоза ағаштардан алынады. Сондықтан қағаз өндіру үшін жыл сайын жүздеген ағаш кесіледі. Ағаштардың кесілуі көптеген жануардың мекені ормандардың жойылуына, жер бетіндегі оттегінің азаюына және қоршаған орта теңдігінің бұзылуына жол ашады. Қағаз бен картон қалдықтардың қайта өңделуі арқылы осындай зияндарға жол ашпастан целлюлоза алуға болады. Қалдық қағаздарды қайта өңдеп, қағаз өндіруге болады. Осы әдіс әрі өндіріс құнын азайтады, әрі экологиялық теңдіктің маңызды бөлшегі ағаштардың табиғатта қалуын қамдайды. 1 тонна қалдық қағаздың қайта өңделуі 14 ағашты кесуден құтқарады.
Қағазды қайта өңдеудің бірінші сатысы үйде немесе жұмыс орындарында жіктеу. Бұл үшін қағаз бен картон қалдықтардың басқа қоқыстармен араластырылмауы керек. Үйде, жұмыс орындарында, мектептерде және басқа жерлерде қағаз қалдықтарын бөлек жинау керек. Жиналған макулатураны қайта өңдеу орталықтарына тапсыру қажет.
Азық-түлік материалымен ластанған, су төгілген немесе май тиген қағаздардан басқа қағаздардың барлығын қайта өңдеуге болады. Бұл ауа ластығын 90 пайыз, су ластығын 35 пайыз азайтады. Айырықша қалдық қағаздан өндіру барысында жұмсалған су мөлшері ағаштан өндірілгенге қарағанда 45 пайыз аз.
Қағаз қалдықтарды қоқыс жәшіктеріне емес, қайта өңдеу жәшіктеріне тастау арқылы әрі ормандардың сақталуына, әрі экономикаға үлес қосамыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар