Тоғанақ қалдықтары мен оларды қайта өңдеу

Консерві құтылары, май құтылары, картон, әртүрлі қағаз, шампунь, сабын қораптары, йогурт және маргарин құтылары, тұрмыстық бұйымдардың тоғанақтары іріктеліп, кайта өңдеу үдерісіне қосылуы қажет.

220208
Тоғанақ қалдықтары мен оларды қайта өңдеу

- Күнделікті тұрмыста қолданылатын көптеген өнім мен тауар тұтынушыға ұсыну және жеңіл тасу үшін қорапталады, буылады. Өнімдердің сақталуы және тасымалдануында өте маңызды тоғанақтар өнім қолданылғаннан кейін қалдыққа айналады. Осы тоғанақ қалдықтары табиғатқа тасталғанда, өте зиянды болады. Алайда тоғанақ қалдықтарының барлығы қайта өңделетін ерекшелікте. Осы қалдықтардың қайта өңделуі әрі қоршаған орта, әрі экономика тұрғысынан маңызды.
- Метал тоғанақ қалдықтары басқа металдармен бірге ерітіліп, қайтадан шикізат ретінде қолданылады. Сондай-ақ шиша мен шыны құтылар ерітіліп, қайтадан шыны өндірісінде пайдаланылады. Пластик тоғанақтардан болса текстил өнімдері, қалдық су үшін құбырлар жасап шығарылады. Қағаз және картон тоғанақтар да қайта өңделіп, қайтадан қағаз және картонға айналады. қалдық
- Қайта өңдеу арқылы жасалған шикізаттардың құны жаңадан жасалған шикізаттарға қарағанда арзан. Бұл өнімнің құнын да төмендетеді. Айырықша қайта өңдеу арқылы қоқыс сақтау алаңдары мен тасымалда да үнемделген болады.
- Қалдықтардың қайта өңделуі сонымен бірге табиғи ресурстардың сақталуына да көмектеседі. Топырақ астында және үстіндегі табиғи шикізат ресурстары азайып барады. Осы ресурстардың бітуі, тіпті азаюы да табиғат үшін келеңсіз жайттарға әкеліп соғады.
- Консерві құтылары, май құтылары, картон, әртүрлі қағаз, шампунь, сабын қораптары, йогурт және маргарин құтылары, тұрмыстық бұйымдардың тоғанақтары іріктеліп, кайта өңдеу үдерісіне қосылуы қажет.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар