СКТР президенті Анкараға келді

Ол Кипр конференциясынан бұрын ақылдасу кездесулерін өткізеді.

1628435
СКТР президенті Анкараға келді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татар Швейцарияның Женева қаласында 27-29 сәуір күндерінде өтетін бейресми Кипр конференциясы туралы: «Қаншылықты дұрыс екенімізді әлемге көрсетеміз. Ең үлкен күшіміз – Түркияның толығымен біздің жанымызда болуы» деді.

27-29 сәуір күндері БҰҰ басшылығында Женевада өтетін Кипрлық тараптар және кепілгер елдер – Түркия, Грекия және Ұлыбританияның қатысуымен болатын 5+1 форматтағы бейресми конференциядан бұрын президент Түркияға келді. СКТР президенті Түркияға Кипр конференциясынан бұрын ақылдасу мақсатта келді.

 Татар Анкарада президент Режеп Тайып Ердоған, орынбасары Фуат Октай және Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездесетінін білдірді.

Ертең таңертең Женеваға баратынын айтқан СКТР президенті Женевада БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесетінін, конференция кезінде де екі жақты кездесулер болатынын білдірді.

«Біздің мақсатымыз – СКТР атынан Кипр түрік халқының сайлаумен келген лидері ретінде жаңа ерік-жігерді көрсету, жаңа көзқарасты түсіндіру.  Кипрде енді көп нәрсе өзгерді. Үміттер артты.  Жерорта теңізінің шығысындағы оқиғалар мен Түркияның ұстанымы. Сондықтан біз федералдық негізде келісім болмайтынын,  Кипрде бірге өмір сүретін тәуелсіз, егемен және тең мемлекеттер ынтымақтастығының мүмкін екенін айтамыз. Маңыздысы келісімнің түбегейлі болуы. Халқымызға пайда әкелуі, аймақтық дамуға үлес қосуы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар