Челик Қырымның жаулануы қабылданбайтынын айтты

Түркия Украинаның Қырым аймағының Ресей тарапыпан жаулануын танымайды және бұл тұғырын айқын көрсетуде.

1624398
Челик Қырымның жаулануы қабылданбайтынын айтты

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик:

"Ресей мен Украина дағдарысының дипломатиялық жолмен шешілуін қалаймыз" деді.

Өмер Челик партиясынының Орталық Атқару кеңесі  жиналысы кезінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Орталық Атқару кеңесі жиналысында ішкі және сыртқы саясаттар қолға алынғанын айтқан Челик Украина мен Ресей арасындағы кірбеңдіктерді бақылап отырғанындарын білдірді.

Түркия Украинаның Қырым аймағының Ресейдің жаулануын танымайтынын және бұл тұғырын айқын көрсеткенін айтқан Челик:

"Украиналық 20 әскердің өлімі, Ресейдің Донбасстың шығысына, Украинаның шығысына әскер жинауы сияқты Қаратеңіздегі қарбаластық ешкімге пайда әкелмейді" деді. 

Әділет және даму партиясының мәлімдемешісі Өмер Челик:

"Ресей мен Украина дағдарысының Ресей, Украина және Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы арасында үштік байланыс тобы аясында дипломатиялық жолмен шешілуін қалаймыз" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар