Иракта түрікмендер сайлауға бірге қатысады

"Ирак Түрікмен шебі коалициясы" атты тізімнің басында Хасан Туран болатыны білдірілді.

1617560
Иракта түрікмендер сайлауға бірге қатысады

Ирактағы барлық түрікмен партиялар ел көлемінде қазанда өткізілетін ерте сайлауға "Ирак Түрікмен шебі коалициясы" атты бір тізіммен қатысады. 

Ирак Түрікмен шебінің төрағасы Хасан Туран Киркукте ұйымдастырған баспасөз мәслихатында ел көлемінде қазанда өткізілетін ерте сайлаудағы түрікмендердің жол картасына байланысты мәлімет берді. 

"Ирак Түрікмен шебі коалициясы" атындағы тізімнің басында Хасан Туран болатыны білдірілді. 

Жарияланған "Ирак Түрікмен шебі коалициясы" атты тізімде "Түрікмен Әділет партиясы", "Түрікменелі партиясы", "Түрікмен шешім партиясы", "Түрікмен жігері партиясы", "Түрікмен Адалдық қозғалысы", "Түрікмен Ислам одағы" қатарлылар бар.   



Ұқсас жаңалықтар