Түріксой саябағы ашылды

«TÜRKSOY демалыс саябағы» салтанатты түрде ашылды.

1616362
Түріксой саябағы ашылды

Хатай қалалық муниципалитетінің Эрзин ауданында құрылысы аяқталған «TÜRKSOY демалыс саябағы» салтанатты түрде ашылды.

Түркі республикаларының тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде өткізілген рәсімде қатысушылар түркі әлемінің тілін, идеялары мен ынтымақтастығын ерекше атап өтті.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Касейінов «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында Хатайда осындай аймақ ашуымыз - біздің бауырластықтың мызғымас белгісі. Түріксой атының Хатайдағы саябаққа берілгені және Низами Генджеви, Мұқтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов, Әлішер Науаи, Юнус Эмре және Мақтымқұлы Пырағы сияқты түрік әдебиетінің ерекше есімдері осы аймақта орын алғаны - біз үшін үлкен құрмет. Лүтфү Саваштың жұмысы және ЭКСПО-ға арналған қадамдар біздің ұйым үшін мақтаныш. Мен түрік әлемі атынан алғысымды білдіргім келеді» деді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Хатай муниципалитетінің төрағасы Лүтфү Саваш «Бүгін біздің Хатайымыз үшін де, түрік әлемі үшін де өте маңызды күн. Біз бізді біріктіретін және бауырластығымызды нығайтатын ұлы түрік ойшылдарының рельефтері орналасқан саябағымызды ашып жатырмыз. Біз үшін бауырластық сезімдерімізді түрік республикаларының тәуелсіздігінің 30 жылдығында бірге сезіну өте құнды» деді.

Ашылу сөздерінен кейін Хатай қалалық  Муниципалитет «Мехтеран» тобы өнер көрсетіп, рәсімге реңк берді. Барша жиналған жұртшылық риза болды.

«Мехтеран» тобының өнерінен кейін «TÜRKSOY демалу саябағы» дұғалармен ашылды.

Рәсім барысында түркі әлемінің ортақ мерекесі – Наурыздың дәстүрлері де ұмытылған жоқ. Басшылар жаңа жылдың басталуы және көктемнің жаршысы деп саналатын ежелгі Наурыз рәсімдерінің бірі төсте темір соғып, Наурыз отының үстінен секірді.



Ұқсас жаңалықтар