Террорлық ұйым түрікмендерге қауіп төндіріп тұр

Ирак Түрікмен Майданы төрағасы Ершат Салихи Анадолы агенттігіне сұхбат берді.

Террорлық ұйым түрікмендерге қауіп төндіріп тұр

Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Ирактың Мосул қаласына қарасты Синджар ауданындағы болуы аймақтағы түрікмендерге қатер төндіреді.

Ирак Түрікмен Майданы төрағасы Ершад Салихи Анадолы агенттігіне берген сұхбатында бақылауға алған жерлерін кеңейте бастаған террорлық ұйымның түрікмендер үшін үлкен қауіп екенін айтты.

PKK-ның Синджар маңындағы 20 шақты түрікмен ауылын басып алуды жоспарлағанын айтқан Салихи осындай жағдайда,  түрікмендер тұратын Тель-Афардың қауіпсіздігіне қатер төнетінін білдірді. Тель-Афардағы соңғы терактінің артында да осы террорлық ұйым бар екенін айтқан Салихи «PKK Тель-Афар арқылы алаңын кеңейтіп, Сирия шекарасына дейін жетуді жоспарлауда» деді.

Салихи террорлық ұйымның Синджар ауданының арғы жағындағы Ирак пен Сирия шекара бостығын толтыруға тырысқанын білдірді.  

«Аймақтағы алаңын кеңейтуге тырысқан террорлық ұйым Тель-Афарды басып алып,  Сирия шекарасына дейін жетіп,  жалғасы YPG-мен бірлескісі келеді» деді Ирак Түрікмен Майданы басшысы.

Синджардағы езидтердің де террорлық ұйым PKK-дан зиян шегіп отырғанын айтқан Салихи: «ДАИШ террорлық ұйымынан үлкен зиян шеккен езидтер енді PKK террорынан қан құсып отыр.  PKK езид жастарын, әсіресе жас қыздарды алдап, шептеріне қосуда» деді.

Ирак түрікмендерінің басшысы аймақ тұрақтылығы үшін дамудың маңызды екенін және мұны тек Түркияның істей алатынына сенетіндерін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар