Түрік республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

Еуразия күн тәртібі –23

2150077
Түрік республикаларындағы соңғы маңызды жаңалықтар

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылдың 26-27 мамырында Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды. Президент Шавкат Мирзиеев пен Владимир Путин Ташкентте екіжақты және делегацияаралық кездесулер өткізді. Келіссөздер соңында екі ел арасында 17 келісімге қол қойылды. Жасалған маңызды келісімдердің бірі ретінде Ресейдің Өзбекстанда атом электр станциясын салу туралы келісімін атауға болады. Сапар аясында Өзбекстан мен Ресейдің техника және медицина салаларындағы жоғары оқу орындары ректорларының конференциялары бөлек өткізілді. Өзбекстанда Ресейдің 16 жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Мемлекет басшыларының төрағалығымен Өзбекстан-Ресей аймақаралық кеңесінің бірінші отырысы өтті.

***

2024 жылғы 27 мамырда Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередов Қазақстанға ресми сапармен барды. Рашид Мередов қазақстандық әріптесі Мұрат Нұртілеумен және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен кездесті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Сыртқы істер министрі Рашид Мередовты қабылдады.

***

2024 жылғы 28 мамырда Нидерланд  премьер-пинистрі Марк Рютте Қазақстанға жұмыс сапарымен барды. Қазақстан президенті Қасым- Жомарт Тоқаев Нидерланд  премьер-министрімен кездесті. Кездесу барысында Нидерландтың Қазақстан экономикасына 120 миллиард доллар инвестиция салғаны айтылды. Нидерланд премьер-пинистрі Марк Рютте Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетке барып, студенттермен кездесті. Қазақстандық баспасөз  Марк Рюттенің НАТО Бас хатшылығына мықты үміткер екенін жазған.

***

2024 жылғы 29-31 мамырда Мысыр Араб Республикасы Сенатының Төрағасы Абдулвахаб Абдулразик Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. 30 мамырда өзбекстандық әріптесі Танзила Нарбаевамен кездесуден кейін екі елдің сенаттары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сол күні Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Мысыр Араб Республикасы Сенатының төрағасы Абдулвахаб Абдулразикті қабылдады.

***

Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов 2024 жылдың 29 мамырында Пәкістанға ресми сапармен барды. Министр Байрамов Исламабадта Пәкістан Сыртқы істер министрі Мұхаммад Исхак Дар, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Пәкістан армиясының Құрлық күштерінің қолбасшысы Асим Мунирмен кездесулер өткізді.

***

2024 жылы 30 мамырда Бакуде Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік жөніндегі Әзербайжан-Түркия бірлескен тұрақты комиссиясының 11-ші отырысы өтті. Жиынға министрлер Сахил Бабаев пен Ведат Ышыкхан төрағалық етті. Әзербайжан премьер-министрі Али Асадов Түркия Республикасының Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрі Ведат Ышыкханды қабылдады. Сол күні Анкарада Түркия Әділет министрі Йылмаз Тунч пен Әзербайжан Әділет министрі Фахид Ахмедов кездесті. Кездесу соңында екі министрлік арасында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

***

2024 жылы 1 маусымда Шуша қаласында Түрік Мемлекеттері Ұйымының білім беру саласына жауапты министрлерінің 8-ші отырысы өтті. Жиынға ұйымға мүше елдердің, Халықаралық Түркі академиясының және Түрік Мемлекеттері Ұйымының өкілдері қатысты.



Ұқсас жаңалықтар