«Башяйла қарын қаймағы»

«Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері» - 23

2151029
«Башяйла қарын қаймағы»

«Башяйла қарын қаймағы»

 Тіркелу уақыты: 07.02.2023 

Түркияның оңтүстігіндегі Тавр тауларының етегінде орналасқан Караман қаласының Башяйла ауданы қаймақтың өте қызықты түріне өз атын берді. 

Башяйла аудандық ауылшаруашылық дирекциясының ұсынысымен 2023 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. «Башяйла қарын қаймағы» ешкі немесе қойдың қарнына басу арқылы алынады.

Сиыр, буйвол, ешкі немесе қой сүтінен ұйыған қаймақ үшін қарын 2-3 ай бұрын тазартылып, дайындалады. 1 килограмм қаймақты алу үшін 25 килограмм сүт қажет болатын өнімді дайындау барысында арнайы әдістер қолданылады.

Өндірістің алғаш сатысында сүт сауылған cоң алдымен сүзгіден өткізіледі, содан кейін пеште қайнатылып, оның үстінде пайда болған қаймақ қабаты ара-тура жиналады. Аз ғана тұзбен араластырылған қаймақ салқын бір жерде біраз уақыт ұсталған соң тазаланған қарынға бос орын қалдырмай басылады.

«Башяйла қарын қаймағы» толтырылған қарынның аузы жіппен тігу арқылы тығыз жабылады және ылғалсыз бір ортада, салқын қоймада кем дегенде 2 айға қалдырылады.

Пісу процесі аяқталғаннан кейін ұйыған қаймақ қарыннан толығымен алынып, тиісті түрде оралып, тұтынуға ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар