«Күтахияның керамикалық плиткасы»

«Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері» - 20

2141872
«Күтахияның керамикалық плиткасы»

«Күтахияның керамикалық плиткасы»

 Тіркелген уақыты:  25.04.2005

 Түркияның Эгей аймағында орналасқан тарихи Күтахия қаласы сәндік өнердің ерекше үлгісі болып табылатын плиткаларымен танымал. Даңқы Түркия шекарасынан асып кеткен «Күтахияның керамикалық плиткасы» 2005 жылы Күтахия плитка шеберлері, фотографтар және қолөнершілер палатасының өтініші бойынша Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Плитка саз балшық, каолин, кварц және әктас сияқты органикалық емес материал қоспаларының тиісті мөлшерде ұнтақтау, сусыздандыру, пішіндеу және тиісті температурада пеште пісіру арқылы алынған ақ түсті өнімнің мөлдір түрлі-түсті глазурьмен қаптап, екінші рет пісірілген соң жасалады. Әсіресе қабырға безендіруде қолданылатын плитка табақ, ваза және әшекейлер сияқты кәдесый түрінде болуы мүмкін. Плитка өнерінің үлкен еңбек пен шеберлікті қажет ететін көптеген кезеңдері бар. Әсіресе ою-өрнектерді меңгерген шебер және машықтанған қолөнері ұсталары дайындайды. Күтахияның керамикалық плиткаларын жасауда қолданылған ою-өрнектер анонимді және түрік мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Қызғалдақ, лалагүл, раушан гүлі, қалампыр, крокус, гиацинт және басқа да көптеген гүл ою-өрнектері плитка үлгісінің негізін құрайды. Ұйғырлардан бүгінге дейін мың жылға жуық тарихы бар плитка өндірісі әсіресе Анадолы Селжұқ мемлекеті мен Осман империясында шыңға көтерілді. Кония, Сивас, Кайсери, Малатия және Эрзурум қалаларынан бастап көптеген елді мекендердің орталықтарында тарихи болмысын сақтайтын ғимараттарға қоса Бурса, Эдирне және Стамбулдағы ұлы және тарихи мешіттер де Күтахияның керамикалық плиткаларымен безендірілген.

 



Ұқсас жаңалықтар