Темекі шегудің зияндары

Неге десеңіз?-14

2122468
Темекі шегудің зияндары

Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін өмір сүру ұзақтығы қазіргіден айтарлықтай қысқа болды. Мұның басты себебі емдеу әдістерінің әлі жасалмағандығы болды. Мысалы тіс жегісі бар адам жиырма жасында да қабынудан өлуі мүмкін. Адам баласының өмір сүру сапасы вакцина, дәрі-дәрмек, емдеу әдістерінің ашылуымен артса, денсаулығына қауіп төндіретін өнертабыстар жасаудан да қалыс қалған емес. Бұған темекі басты мысал болды.

***

1950 жылдарға дейін темекі шегудің зияны көп айтылмаған еді.  Шындығында осы кезеңде дәрігерлер Америкада темекінің денсаулыққа зияны жоқ деген хабарды жеткізіп, темекі жарнамаларына қосылды. Дегенмен дамып келе жатқан медициналық технологияның арқасында 50-ші жылдардың екінші жартысынан бастап темекі шегу өлімге әкелетін ауруларды тудыратыны жайлы дәлелдер жарыққа шыға бастады.

***

Бүгінгі күні медицинада жеткен деңгей темекі шегу ісіктің көптеген түрлерімен, әсіресе өкпе ісігімен тікелей байланысты екенін көрсетеді. Темекі шегу-жүрек-қан тамырлары ауруларының, өкпе ауруларының, ауыз қуысының, асқазанның, бауырдың, қуықтың, бүйректің қатерлі ісігінің даму қаупінің агрессивті факторы.

***

Темекі шегу-сағат сайын, күн сайын, айдан айға, жылдан жылға үзбей темекі шегушілердің денсаулығын біртіндеп бұзады. Темекі шегу біздің денеміздегі барлық дерлік жүйеге теріс әсер етеді. Қан айналымын бәсеңдететін және ұйқысыздықтан гангренаға дейін көптеген зардапты тудыратын темекі шегу де атеросклероздың негізгі жауаптыларының бірі болып табылады. Инфаркт, инсульт және жүрек аурулары да темекі шегетіндерде жиі кездеседі.

***

Темекі шегу--біздің ұрпақты болуымызға болымсыз кедергі жасайды. Жүктілік кезінде темекі шегу бедеулікке әкелетін зардаптарынан басқа, түсік тастау, мерзімінен бұрын немесе туа біткен ақаулар қаупін айтарлықтай арттырады. Темекі шегу иммундық жүйені де әлсіретіп, ағзаның инфекцияларға төзімділігін төмендетеді. Бұл темекі шегу тікелей әсер ететін органдардан басқа, біздің денемізге үлкен зиян тигізеді.

***

Біз атап өткен зияндар тек темекі шегушілерге ғана емес, темекі шегетін ортада түтінге ұшыраған адамдарға да әсер етеді. Адамдардың шашынан бастап киіміне дейін тараған темекінің жағымсыз иісі әлеуметтік өмірге де кері әсерін тигізеді. Темекі шегуден бас тарту немесе темекі шегуді түбегейлі қою бас ауру қаупін азайтудың маңызды қадамы екенін атап өткеніміз абзал.



Ұқсас жаңалықтар