Сирияда террористтер басып алған энергетикалық ресурстар

«Энергетика Әлемі» - 14

2122895
Сирияда террористтер басып алған энергетикалық ресурстар

Сирияда террористтер басып алған энергетикалық ресурстар

Түркия террормен күресін үздіксіз жалғастыруда. Президент Режеп Тайып Ердоған шекара желісінде «террор аймағының» құрылуына ешқашан рұқсат етілмейтінін бірнеше рет баса айтқанда Анкара Иракта да, Сирияның солтүстігінде де үздіксіз операция жасауда.

Әсіресе Ирактың солтүстігінен бастап, Сирияны қамтитындай террор ұйымдарынан тазартылған қауіпсіз бір аймақ қалыптастыру басты мақсаттардың бірі.

АҚШ-тың қолдауымен PKK террор ұйымы Сирияның солтүстігінде көптеген аймақты басып алуды жалғастыруда.

Сирия аймақтағы Иран және Ирак сияқты елдермен салыстыруға келмейтін көлемде болмаса да, көмірсутегі ресурстарына бай елдердің бірі. Азаматтық соғысқа дейін өзін-өзі қамтамасыз ететін, тіпті экспорттайтын Сирия режимі соғыстың жойқын әсері және елдегі террор ұйымдары мен бейресми қарулы актерлердің аймақтық үстемдігі салдарынан энергетика ресурстарының көпшілігінде бақылауды жоғалтты. Тағы Евфрат өзені бойындағы құнарлы ауылшаруашылық жерлері мен су электр қуатын өндіретін бөгеттер де лаңкестік ұйымдардың бақылауына өтті.

Сирияның шикі мұнай резервінің 2,5 миллиард баррель мөлшерінде екені болжалуда. Бұл елді әлемде ең көп резерві бар 32-ші елі етеді. Азаматтық соғысқа дейін Сирия жылына орта есеппен 9 миллиард текше метр табиғи газ өндіру мүмкіндігіне ие болатын.

Дамаск режимінің елдегі азаматтық соғыстан бұрынғы резервтері мен өндіріс күшінің басым бөлігі 2013-2015 жылдары аралығында ДАИШ террор ұйымының бақылауына өтті.

ДАИШ террор  ұйымының елдегі болмысы көріне бастаған 2013 жылдың ортасынан кейін энергетикалық салада ілгерілеу стратегиясын ұстанды.

ДАИШ Сирияның ең ірі мұнай және табиғи газ резервтері мен аймақтарын қамтитын Дейр эз-Зордан басқа Ракка, Хомус және Хасеке қаласындағы аймақтарды басып алды.

2016 жылы болса PKK/YPG террор ұйымы АҚШ-тың да қолдауымен бұл аймақтардың басым көпшілігін басып алды.

SETA тарапынан дайындалған «Сирияда табиғи ресурстарға қарсы соғыс» тақырыпты есепке қарағанда террор ұйымы PKK/YPG басып алған аймақта орналасқан «Әл-Омар аймағы» елдің иелігіндегі ең үлкен мұнай кеніші болып табылады. Тағы басқыншылық астындағы Дейр эз-Зор аймағы болса мұнай кен орындарына бай елдің маңызды табиғи ресурстары бар аймақтардың бірі болып табылады. Дейр эз-Зордың шығысындағы мұнай кен орындарының өзі елдің энергетикалық ресурстарының 30 пайыздан астамын құрайды.

Сол есепте елдің бүкіл энергетика ресурстарының төрттен үшке жуығының PKK/YPG террор ұйымының бақылауында екені атап көрсетілді. АҚШ әкімшілігінің қолдауындағы PKK/YPG-нің бұл кен орындарынан шамамен 1,1 миллиард доллар мұнай табысы алғаны болжануда.

Террор ұйымы PKK/YPG мен режим Хасекедегі мұнай ұңғымаларын бірлесіп бақылауда. Мұнай өндірісі жалғасып жатқан Рүмейлан, Сүвейдийе және Карачок кен орындарындағы шамамен 350 шағын ұңғымадан күніне 30-35 мың баррель мұнай өндіріледі.

Террор ұйымы Сирияның ең үлкен табиғи газ нысаны Коноконы да басып алды. Бұл аймақта жыл сайын шамамен 1,4 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі деп есептеледі.

Террор ұйымы PKK/YPG АҚШ-тың әскери қолдауымен елдегі маңызды бөгеттердің бақылауын да басып алды.

 



Ұқсас жаңалықтар