Күн энергетикасы

«Энергетика әлемі» - 07

2100671
Күн энергетикасы

Күн энергетикасы

Түркия энергетикада бағытын Күнге бұрды.

Бізді жылытады, жүзімізді күлімсіретеді, егінімізді өсіреді.

Әлем тек оның айналасында айналады.

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «Күн энергетикасын» талқылаймыз.

Күн қазіргі таңда жалғыз сарқылмайтын және тұрақты энергия көзі болып табылады. Сонымен қатар күн энергетикасы орнату мен қолдану жеңілдігіне қоса, қоршаған ортаны ластамауы және шығарынды газ қалдықтарының болмауы сияқты ерекшеліктерге ие болғандықтан жаңартылатын энергетика көзі ретінде аталады.

Күн энергетикасы күннің ядросында орын алатын синтез процесі нәтижесінде пайда болған сәулелік энергия ретінде анықталады.

Жаһандық ысынумен қатар халықаралық қауымдастық және Түркия қазба ресурстардың қоршаған ортаға келтіретін зиянын болдырмау үшін жаңартылатын энергетикаға көшуді тездетті.

Осы тұрғыда күн энергетикасын пайдалану күн санап артып келеді.

Күн энергетикасынан электр энергиясын өндіру үшін көптеген әдіс болғанымен жалпы назар күн сәулесін тікелей электр энергетикасына айналдыратын фотоэлектрлік жүйесіне ауады.

Күн энергетикасын пайдалану тақырыбында жүргізілген зерттеулер әсіресе 1970 жылдардан кейін қарқын алғанымен, күн энергетикасы жүйелері технологиялық прогресс және шығындарды айтарлықтай азайтты.

Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) мәліметінше, күн энергиясына салынған инвестиция 2030 жылға дейін мұнай мен табиғи газға салынған инвестицияның жалпы көлемінен асып түседі.

ХЭА-ның бағалауы бойынша, 2023 жылы әлемдік энергетика саласында таза энергия технологияларына 1,7 триллион доллар, қазба отын саласына 1,1 триллион доллар барлығы 2,8 триллион долларлық инвестиция салынды. Бұл инвестицияның ішінде күн энергиясының 380 миллиард долларлық үлесі бар деп есептелуде.

 

Түркиядағы жағдай қандай? Мемлекеттік және жеке секторлардың энергетикалық инвестицияларының жағдайы қандай?

Түркия географиялық тұғырына байланысты айтарлықтай күн энергетикасы әлеуетіне ие.

Энергетика министрлігі дайындаған «Күн энергиясының әлеуеті атласы» бойынша Түркияның орташа жылдық жалпы күн сәулесінен пайдаланатын уақыты 2 мың 741 сағат. Орташа жылдық жалпы радиациялық құны болса 1527,46 кВт/м2.

Түркияның күн энергетикасы қуатының 2035 жылға қарай шамамен 500 пайызға артып, 52,9 гигаватқа жетуі және күн энергиясының ең жоғары орнатылған қуат көзі болуы нысанаға алынып отыр.

Түркияның 2000-2020 жылдары аралығында жылдық орташа есеппен 4,4 пайыз артқан электр тұтынуының да 2035 жылға дейін жылдық орташа есеппен 3,5 пайыз артып, 510,5 тераватт сағатқа жеткізу көзделуде. Нақты энергетикалық тұтынуы болса 2020 жылы 21,8 пайызды құраған энергия тұтынудағы үлесін 2035 жылы 24,9 пайызға жеткізеді деп күтілуде.

Түркияның 2020 жылы соңында 95,9 гигаватт деңгейінде болған орнатылған электр қуатының 2035 жылы 189,7 гигаваттқа, жалпы орнатылған қуат ішінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесінің де 2020 жылы 52 пайыздан 2035 жылы 64,7 пайызға артуы болжануда.

Осы кезеңге дейін іске қосылуы жоспарланған 96,9 гигаваттық жаңа электр қуатының 74,3 пайызын жаңартыла алатын энергетика көздері құрайды.

Жаңартыла алатын энергетика көздері арасында ең үлкен қуаттылық артуы Күн энергиясында болады деп жоспарлануда.

Түркияның 2020 жылдың соңында 6,7 гигаватт болған күн энергиясының орнатылған қуаты 2035 жылы 52,9 гигаваттқа жетеді деп күтілуде.

Бұл өсім Түркияның 2022 жылдың соңында 9,32 гигаватт болған Күн энергиясының орнатылған қуатының 2035 жылға қарай шамамен 500 пайызға артады дегенді білдіреді.

Күн энергиясында 2035 жылы 52,9 гигаватт қуатқа жеткен жағдайда, Күн энергиясы Түркияның жалпы электр қуатында ең жоғары үлеске ие болады.

 



Ұқсас жаңалықтар