«Олту тасы»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 06

2099763
«Олту тасы»

«Олту тасы»

Тіркелген уақыты: 19.03.2023

Түркияның Шығыс Анадолы аймағындағы ең үлкен қалаларының бірі Эрзурум әсіресе таспиық пен әшекей өндірісінде қолданылатын және атын Олту ауданынан алған «Олту тасымен» танымал. Аймақтағы «қара кәріптас» ретінде де аталатын Олту тасы 2012 жылы Олту Сауда және өнеркәсіп палатасының өтініші бойынша Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

Олту тасы арша ағашының жердің астында қалдықтарының қатаюы нәтижесінде пайда болады. Олту тасының ең назар аударатын ерекшелігі топырақтан шыққан кезде өте жұмсақ болғанына қарамастан, ауамен тоғысқанда және өңделген соң қатаятын кеннің бір түрі болуы. Осы ерекшеліктеріне байланысты Олту тасын өңдеу оңай, бірақ өңделген кезде ауамен байланыста қатып, қолданғанда жарқырайды. Әдетте қара, кейде қоңыр, сирек болса да сұр және жасыл түстерде кездеседі. Шахталарда «галерея» деп аталатын шағын карьерлерден адам күшімен қиын шығарылатын Олту тасы әдетте таспиық жасауда қолданылады. Дегенмен құрылымы нәзік болғандықтан, оны өңдеу қарқынды қол еңбегін және шеберлікті қажет етеді. Олту тасы денеге тисе, негативті энергияны жойып, стресті азайтатынына сенеді. Ауырсынуды басатын қасиетіне байланысты да Олту тасы халық медицинасы саласында мигреньді емдеуде қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар