Стамбулдың Қаратеңіздегі сұлулығы - Агва

Капитанның борт журналы - 35

2082238
Стамбулдың Қаратеңіздегі сұлулығы - Агва

Стамбулдың Қаратеңіздегі сұлулығы - Агва

«Жиханкездің» құрметті жолаушысы.  Стамбул аймағының территориясындамыз.  Теңізден жалғастырамыз жолымызды.  Осында шекараны көру мүмкін емес,  әрине.  Стамбулдың Қаратеңіздегі шеткі жері – Агва туралы айтып береміз.  Бүгінгі сапарымызда Агва орталығына бармас бұрын жолымыздың бойындағы Кадырга шығанағына соғып кетеміз.

Кадырга шығанағына жүретін ротамыз табиғаттың керемет сұлулықтары және тосынсыйларына толы. Стамбулға жақындығына байланысты табиғат сүйерлер таңдайтын жерлердің басында келеді. Кадырга шығанағы Стамбулдың ең үздік демалыс орындары арасында орын алады.  Сонымен бірге орта және қиын деңгейде серуен жолы да бар.  Кадырга шығанағы жылдар бойы жел және толқындар пішін берген сатылы жартастарымен танымал. Сіздер де көресіздер.  Осы жартастар әрі тұғыры,  әрі сатылы көрінісімен ежелгі дәуірден қалған бір театрға ұқсайды.  Ал, міне. Табиғаттың осы керемет тосынсыйы алдарыңызда! Шыныменен де ежелгі театрға ұқсайды емес пе? Осы көріністі құрлықтан көргісі келетіндерді қиын жол күтіп тұр.  Біз болса «Жиханкез» қайығымызбен серуендегендіктен осы тамаша табиғат туындысын теңізден тамашалаймыз. Осы пана болған, толқыны болмайтын шығанақ  - Қаратеңізде қорықпай теңізге түсуге болатын жер. Шатырыңызды құрып, ешбір ғимарат жоқ осы жерде табиғатпен оңаша қаласыз.

Осы жерден Килимли шығанағына қарай жолға шығалық. Килимли шығанағы да Кадырга шығанағы секілді өзгеше жартастарымен назар аударады.  Осында шатыр құрып, табиғатта серуендеуге болады.  Пикник жасап, керемет табиғаттың суреттерін түсіріп уақыт өткізуге болады.  Тек сіз не қалайтыңызды таңдауыңыз керек. Килимли шығанағы желге ашық және толқынды теңізі болса да теңізінің керемет түсі және майда құмымен назар аударады. Осы шығанақта мамандардың қарауында сүңгуге болады. Су астындағы әдемі әлемді өз көзіңізбен көруге татиды. Килимли шығанағында күннің атуы мен күннің батуы да керемет көрініс беретінін айтуды ұмытпайық. Жаңа айтып едік,  жел болуы мүмкін. Сондықтан шатыр құратындар шатырларын мықты қазыққа байласын, от жаққан кезде де абай болу керек.

Енді ротамызды Агва орталығына қарай бұрамыз.  Агва екі өзен арасында қалатын тыныш, табиғи сұлулықтарымен танымал аудан.  Мыңдаған жыл бойы хеттер, фригиялықтар, римдіктер және османдықтар секілді көптеген өркениетке мекен болған. Жүргізілген археологиялық қазбалар тарихтан бұрынғы дәуірлерде де адамдардың осы жерді қоныс еткенін көрсетеді. Келіңіз,  Гөксу өзенінің жағасында серуенделік,  ағаштан жасалған платформалардың үстінде, өзеннің үстінде отырғандай сездіретін кафелердің бірінде шай ішелік.  Жап-жасыл өсімдік қабатының арасынан тыныш ағатын осы өзен  шаршағаныңызды әкетеді. Стрестен тазалайды. Осы тамаша сәттерді созғыңыз келсе,  өзен бойы тізілген шағын қонақүй мен ауыл үйлерінің бірінде қонуға болады. Осы мекендер бір-бірінен жақсы. Қайыққа мініп қыдыруға да болады.

Акчакесе ауылын көрмей кетуге болмайды.  Себебі Агваның жақынындағы осы шағын ауылда кішкене шығанақтар мен керемет жағалау бар. Акчакесе майда құмы және таяз теңізімен адамдардың таңдаулы жері. Осында шатыр құрып,  қаласаңыз арнайы үйлерде немесе дөңгелекті үйлерде қонуға да мүмкіндік бар.  Толқынның даусын тыңдап, табиғатта уақыт өткізу әбден мүмкін.

 Үлкен қалалардың қарбалас тұрмысы, күйбең тірлігінен шарғандарды жап-жасыл табиғаты, адам бұзбаған шығанақтары және жай ағатын өзендерімен қарсы алатын Агвада болдық бүгін.  Теңіз, теңіз пішін берген жартастар және керемет көріністі артта тастау қиын.  Қайта кездескенше сіздерге жақсы апта тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар