Османие Каратепе кілемі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 66

2074298
Османие Каратепе кілемі

 

Тіркелген уақыты:  22.06.2021

 Түркияның Жерорта теңізі аймағы мен Шығыс Анадолы аймағының арасында орын алған Османие қаласы дәстүрлі түрік кілем өнерінің ерекше үлгісімен танымал. Кадирли аудандық сауда палатасы тарапынан жасалған өтініш бойынша 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген Каратепе кілемі өте табиғи әдістермен дайындалады. Кілемді табиғи бояумен боялған жіптерден дәстүрлі әдістермен тоқиды.

Тарихы тереңге баратын Каратепе кілемі анар, жуа, шырша ағасының қабығы және жаңғақ ағашының жапырағы, емен секілді өсімдіктерден алынған бояулар қолдану арқылы толығымен жүн жіптерден тоқылады. Жіптерді Тавр тауларында жайылып жүретін кіші қара малдан алады. Дәстүрлі түрік нақыштары салынатын Каратепе кілемдерінің шеті қоршалады.  Қоршау ішіне алынған нақыштар ромб, жұлдыз, баспалдақ, сырға, мүйіз, бөрі ізі секілді нақыштар болады. Шетінде кішкентай нақыштар,  ортада үлкен нақыштар болады. «Истар» деп аталатын станоктарда қолмен тоқылатын, екі жағын да қолдануға болатын кілемдерге лас пен шаң көп жоламайды. Көлемі 1 шаршыметрден 6 шаршыметрге дейін баратын Каратепе кілемі үйде жерге төселеді. Сонымен бірге әшекей бұйым ретінде де қолданылады.



Ұқсас жаңалықтар