Табиғи сұлулықтарымен Кожаели

Капитанның борт журналы - 32

2071613
Табиғи сұлулықтарымен Кожаели

Табиғи сұлулықтарымен Кожаели

 

Қаратеңізге ұқсас климаты және шырша ағаштарына толы бөктерлерімен Кожаели жағалауын аралауды бастаған едік.  Бір-бірінен әсем және таза көгілдір байрақты жағалауларына барып, Кожаелинің табиғи сұлулықтарын көруге уақытымыз қалмаған еді.  Теңізде уақыт өте тез өте шығады, мұны сіз де байқаған боларсыз. Сондықтан кешікпей қайығымызды портқа қалдырып, Кожаелинің табиғи сұлулықтарын көруге шығалық.

**

Бүгін біз тамашалайтын жайлау, сайлар мен сарқырамалар жағалаудан әлдеқайда іште орталасқан. Бізді керемет табиғаттың ортасына жеткізетін көлігімізге мініп, алғашқы аялдамамыз Машукиеге қарай жол тарталық. Қала орталығына осынша жақын болса да, қаланың күйбең тірлігінен алыстауға болатын бір жер –Машукие. Ортасынан ағып тұрған жылғасы, оттегінің қоймасы жайлауымен бір сайға ұқсайды.  Табиғатта серуендегенді ұнататыныңызды білемін, сондықтан Машукие жылғасы деп те аталатын Айгыр жылғасының төңірегінде серуенге шақырамын сіздерді.  Ағаштар арасынан өтетін қарапайым және қиын емес жолдардың бірін таңдадым сіздер үшін.  Маусым күз болса аяғымыздың астындағы жапырақтар шығарған дауыстарға, көктем болса табиғаттың оянуына, жаз болса құс дауыстарына,  қыс болса аппақ жамылғысына оранып үнсіз жатқан орманда жылжиық. Қай маусымда келсеңіз келіңіз,  Машукие сізге ерекше сұлулық сыйлайтынын ұмытпаңыз.

Картепе шаңғы орталығына қарай жолымызды жалғастыралық. Жол бойында қыс спорттарын ұнатындар үшін Сисли, яғни Тұманды сай бар.  Бұл жер қар жауған күндері шаңғы тебу үшін таңдалады. Картепеге жетпей тұрып көруге тұратын тағы бір жер бар.  Бұл жер Түркияның ең үлкен әйнек терассасы бар «Бөлек ғаламшар әйнек терассасы». Биіктіктен қорқатындар бірақ үрейленеді, бірақ бұл әйнек терассаның шетіне қарай жүрсеңіз, табиғаттың ішінде тұрғандай боласыз. Жап-жасыл ағаштарымен таулар және Сапанжа көлінің көрінісі барлық шаршағаныңызды жояды.

 Жолымыздың үстінде тағы да бір керемет жер бар.  Кузу жайлауы.  Бұл жер – керемет табиғаты және панорамасымен адамды басқа әлемге жетелейтін жер. Оның үстіне осы үнсіз атмосфераға қала орталығынан көп алыстап кетпей-ақ жетуге болады.  Сиқыр секілді.  Қысқа уақытта сиқырлы тамаша жерге келе аласыз.  Қай маусымда келсем де Кузу жайлауы мені  өзі қайран қылады.    Сіз де солай ойлайсыз ба?

Шаңғы, сноубординг, шана... қарда не істегіңіз келсе, соның барлығы Картепе шаңғы орталығында бар.  Бұл жер – Түркияның санаулы шаңғы орталықтарының бірі.  Әрине, қазір маусымы емес,  сондықтан Картепенің керемет қар көрінісін көре алмаймыз.  Бірақ жағдай болғанда осында келіп, құрал-жабдықтарымызды немесе киім болмаса да осы жерден алуға болады. Қалаған спортпен айналысуға болады. Немесе тек ақ пен жасыл бір-бірімен астасып жататын қарлы тауда ағаштардың арасында серуендеуге де мүмкіндік бар.

Кожаели -  шыныменен тосын сыйларға толы аймақ. Себебі тек Түркияның ғана емес,  Еуропаның ең маңызды табиғи алаңдарының бірі Кожаелиде.  Қазіргі уақытта адамдардың табиғаттан алыстауы табиғи нәрсе болды.  Осының алдын алу үшін Кожаели муниципалитеті «Ормания табиғи саябағы» жобасын жүзеге асырған.  Саябақ жабайы жануарлар, жәндіктер қонақүйі, табиғат мектебінен қысқы бақылау алаңына дейін көптеген қызықты бөлімнен тұрады. Түркияның тұңғыш орман кітапханасы да осы жерде. Ормания түрлі қиындық дәрежесіне ие велосипед және серуен жолдары арқылы қалағаныңызша уақыт өткізуге болатын бір жер. Көлшіктер, жаяу жолдар арасында жүріп Хоббит үйлері деп аталған орман үйшіктерін де көре аласыз. Бізді фантастикалық әлеммен таныстырған Толкиеннің «Хоббит» романынан шабыт алып жасалған осы үйлер үлкенді-кішілі баршаның назарын аударады.  Үйлердің бірінің есігін ашып қарағанда сол романдағы эльфтер, хоббиттер, ергежейлілер мен орктар тұрған Орта әлемнің ішіне сүңгіп кететіндей боласыз.

Бүгін қалған уақытымызды табиғаттың иесі емес, тек бір бөлшегі екенімізді сездіретін осы тамаша саябақта өткізуге қалай қарайсыз?



Ұқсас жаңалықтар