Чанаккале Ышыкелі ноқат кофесі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 64

2068442
Чанаккале Ышыкелі ноқат кофесі

 

Тіркелген уақыты: 07.08.2023  

Түркияның тарихи қаласы Чанаккаленің Бига ауданына қарасты Ышыкелі ауылы тамыры тереңге созылған бір кофесімен танымал.  Осы ауылдың кофесінің құрамында кофеин жоқ. 2023 жылы берілген өтініш нәтижесінде Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасында енген Ышыкелі ноқат кофесі өңірде өсетін ноқаттан дайындалады.  Ноқатты 250 градуста қуырады, артынан ұнтақтайды.

Кофенің негізгі материалы - «сары ноқат» деп аталатын кішкентай ноқат түрі.  Ұнтақ түріндегі кофеде протеин мен май болады,  бірақ кофеин болмайды.  Сондықтан кофеиннен келетін тәуелділік секілді денсаулық проблемаларына жол ашпайды.  Ышыкелі ноқат кофесі ас содасы және сумен араластырылып, жай отта 10 минут пісіріледі. Дәстүр бойынша қант қосылмай пісірілетін кофенің жанына кептірілген жүзім беріледі. Бүгінгі күні болса кең таралған әдетке сай локум немесе шоколадпен бірге ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар