Табиғи сұлулықтарымен Кастамону

Капитанның борт журналы - 22

2037991
Табиғи сұлулықтарымен Кастамону

Табиғи сұлулықтарымен Кастамону

Табиғатқа, тарихқа және мәдениетке қызығатын құрметті жолаушыларымыз.  Қайығымыз «Жиһангезге» қош келдіңіздер. Бүгін сізге уәде берілгендей Кастамонуның табиғи сұлулықтары туралы айтып береміз. Теңізге қарай жол тартатын уақыт келді. Ротамыз – Жиде

Жиде – Кастамонуның ең жасыл,  ең көгілдір аудандарының бірі.  Бір-бірінен тамаша шығанақтары мен бірнеше километрге дейін созылған жағалауымен Жиде Қаратеңізде мен ұнататын жерлердің басында келеді. Адамға тыныштық сыйлайтын осы жұмақ секілді ауданды аралауды Гидерос шығанағынан бастаймыз. Теңізден жайымен Гидеросқа қарай жылжимыз, бірақ осы жерде бір шығанақ бар екенін білмейтіндер жағалауға жақындамай тікелей өтіп кетеді.  Себебі бұл жер алыстан тау секілді көрінеді.  Жақындаған сайын шығанақ көрінеді.  Қараңыз, көрдіңіз бе, шығанақ көріне бастады. Осы ерекшелігіне байланысты жүздеген жыл бойы әрі қарақшылар, әрі әскери кемелер Гидерос шығанағын жасырыну үшін таңдаған.  Бүгін болса осы тамаша сұлу шығанақ тыныштық пен рахат іздеушілерге мекен. Білемін, сіздер де осы мөлдір суда уақыт өткізгіңіз келеді,  бірақ қыдыратын көп жер бар бүгін.  Сондықтан уақыт ұттырмай Жиде портына қарай жолға шығалық және қайығымызды портқа қалдырайық. 

Жиде – Гомердің «Иллиада» дастанында аты кездесетін, бір кездері жібек жолы бойында орын алған,  патшалық Ресей кезінде сауда тауарлары таратылған бір порт. Соңғы жылдары маңызынан айрылып қалды.  1994 жылы болған бір оқиғадан кейін Жиденің аты қайтадан күн тәртібіне келді.  Университетте оқитын 4 студент қыдырып, жаңа жерлер тану үшін Кастамону ауданы Пынарбашы деген жерге келеді. Адамды сиқырлап алатын табиғаттың ішіне қарай жылжиды.  Алайда бір уақыттан кейін жоғалып кетеді. Ешкім олардан хабар ала алмайды.  Із-түссіз жоғалып кеткен жастар 14 күннен кейін Жидеде табылады. Барлық назар жастар мен олар табылған Жидеге ауады.  Артынан 12 км жүріп жеткен каньонға назар аударылады.  Осы төрт студент «жабайы жұмақ» деп аталған, әлемнің ең терең каньондарының бірі – Валла каньонын табады.

Тереңдігі кей жерлерде 1200 метрге жететін Валла каньонына барамыз енді.  Валла каньоны Күре таулары ұлттық саябағы территориясында. Биік жартастар және жарларға толы болғандықтан өте қауіпті. Өту қиын каньондар арасында көрсетіледі.  Каньонды тек қажетті жабдықтарға ие мамандар ғана өте алады.  Қорықпаңыздар,  біздер секілді қызығушылар үшін жергілікті жол көрсетуші болады. Тек каньонның кіре берісі мен шығатын жерінде қысқа саяхатқа рұқсат беріледі.  Осындағы үш қабатты, ағаштан жасалған панорама терассасы осы керемет каньонның барлығын көруімізді қамдайды.  Осы керемет панораманы көруге асыққаныңызды білемін. Ал, ендеше,  менің артымнан еріңіздер.

**

Валла каньонынан кейін Хорма каньонына келіп жеттік.  Бұл жер табиғат спорттары және серуен үшін ыңғайлы.  Каньонның үш километрлік бөлімі серуен жолы ретінде жасалған.  Қатты жартастар бойында, кейде каньон түбінен 50 метр биіктікте жүреміз.  Кейде тұман басады.  Жолдың аяғында болса бізді Ылыжа сарқырамасы күтіп тұрады.  Ішінде жүзуге мүмкіндік беретін бір сарқырама бұл жер. Қаласаңыз сарқырама  құлайтын салқын суда жүзіңіз, қаласаңыз осы керемет сұлу табиғатты суретке түсіріп алыңыз немесе көзіңізді жұмып, құстардың даусы мен биіктен аққан судың даусын тыңдаңыз.  Осы керемет уақытты жақсы өткізіңіз.

Бұл жерден кету қиын, білемін. Бірақ бүгін сіздерді тағы бір жерге апарғым келеді.  Күре тауларының және табиғаттың ұлылығы көрінетін Чатак каньонына барамыз.  Чатак каньоны да әлемдегі алдынғы қатарлы каньондардың бірі.  Валла және Хорма каньондарына қарағанда қиындық деңгейі төмен және осында 450 метр биіктікте әйнек терасса бар. Көлікті автобекетке қалдырып,  тау ішіндегі жолмен әйнек терассаға қарай жүреміз.  Биіктіктен қорқатындар терассаның шетіне қарай жақындауға қорқуы мүмкін, бірақ бұған өкінбейсіз.  Себебі керемет панораманы өз көзіңізбен көресіз.

Енді қайығымызға оралатын уақыт келді.  Жаңа жерлерге қарай желкенімізді ашатын сапарымызда келесі апта кездескенше сау болыңыздар.



Ұқсас жаңалықтар