Пластмассаға қатысты жаһандық келісім

Ең қызықты деректер - 44

2026158
Пластмассаға қатысты жаһандық келісім

Пластмассаға қатысты жаһандық келісім

 Пластмассаға қатысты жаһандық келісім пластикалық ластанудың алдын алу үшін жеткілікті ме?

 Тиісті келісімнің екінші раунды болған үкіметаралық келіссөздердің мақсаты пластикалық ластанумен күресу және тұрақты шешім табу бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу туралы келісімге келу болды.

**

Париж климат келісімінен кейін әлем елдері қоршаған орта үшін жаңа бір конвеция үшін жиналды.  БҰҰ-да 2024 жылдың аяғында қол қойылуы қабылданған келісім пластикалық ластанудың доғарылуы бағытында қолданалатын шараларды қамтиды.  Жауапкершілік міндеттейтін осы келісім үшін елдер және үлкен компаниялардың келісімге келіп келмейтіні белгісіз.

Келісім нені қамтиды?

БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының «Шүмекті жабу: Әлем пластикалық ластықты қалай тоқтата алады және айналмалы экономика жарата алады?» атты есебіне қарағанда, егер қазіргі істер жалғаса берсе, әлем 2040 жылға қарай 420 миллион тонна қалдық шығарады.  Алайда пластмассаны жақсы өңдеп, қайта қолдану процестерін қабылдап, жүйені табысты қыла алсақ, бұл қалдық мөлшерінің 30 пайызын кері қолдануға болады.

Пластикалық ластанумен күресте айналмалы экономика принциптерін қабылдау және қайта өңдеуді ынталандыру секілді шаралар осы келісімнің арқауы болады.

Пластмасса көбіне Азиядан тарайды

Пластикалық ластану ең көп кездесетін территория 80,99 пайызбен Азия құрлығы.

Тұтынушылар осы міндетті қағидаларға бағына ма?

2024 жылдың аяғында пластикалық ластанудың азаюы үшін бір келісімге қол қойылған жағдайда, тұтынушылардың да бұған бағынуы керек.  Осыған мысал болатын қағидалардың бірін қазір орындап жатырмыз: маркеттердегі пластикалық торбалар.

Жүргізілген бір зерттеуге қарағанда, әлем бойынша 70 пайыз көпшілік пластикалық ластануды доғару үшін қағидаларға қолдау беріп отыр.

Ал пластмасса өндірушілердің ойы басқаша

Пластикалық қалдық өндіру тақырыбында барша бірдей ойда емес, БҰҰ лауазым иелері қабылданған шешімді қолдаса, пластика өндіріс секторы осы шектемелерді қаламай отыр.  Мұнай және химия саласындағы ірі компаниялар осы шектемелерге мазасыз. Бұл сектор алдымыздағы 20 жыл ішінде пластика өндіруді артыруды мақсат етіп отыр.

Мұхит және өзендердегі пластикалық ластықтың басты себепкерлері – торба, түрлі қораптар, пластикалық шишалар, синтетикалық жіптер, пластикалық құтылар, балық шаруашылығында қолданылатын пластмассалар, индустриялық қораптар, әйнек бөтелкелер мен сусын қораптары.

Дереккөз - Trt Haber 



Ұқсас жаңалықтар