Еленбей қалған індет: Цифрлық деменция

Ең қызықты деректер - 43

2017421
Еленбей қалған індет: Цифрлық деменция

Еленбей қалған індет: Цифрлық деменция

Өмірге цифрлық орта кіргелі бері ұмытшақтық жастар арасында кең тарала бастады. Неміс невролог бұл жағдайды цифрлық деменция деп атайды.  Ал бұл індет кімдерге қауіп төндіреді?

**

Соңғы жылдары цифрлық әлем басып алған бір жүйеде өмір сүріп жатырмыз. Көптеген күнделікті жұмысымызды атқару үшін технлогиядан көп көмек алуымыз қажет.

Осы жағдай бірсыпыра таласты да өзімен бірге ала келді.  Осылардың бірі – электроникалық жиһаздардың ақыл-ой қабілеттерімізді бұзуы.

Ал цифрлық деменция, деменция ауруы, яғни халық арасында танымал атымен алжуға қаншалықты қатысы бар?

Цифрлық деменция осы ғасырдың еленбей қалған індеті

 Үскүдар Университеті Неврология маманы Джелал Шалчини цифрлық деменцияны «бүгінгі пандемия» деп атайды. «Әсіресе Ковид-19 індеті бізді үйге қамап, технологияға тәуелділігіміздің артуына себеп болды.  Өзгерген әлемде алыстан білім алу және онлайн жұмыс істеу мүмкіндіктері артты. Айырықша соңғы кезде жасанды интелекктің жылдам жетілуі технологияға тәуелділігімізді арттырды.  Цифрлық деменция індетінің белгілерін де көбейтіп отыр. Цифрлық деменция осы ғасырдың еленбей қалған індеті және бұл болашаққа ұрпаққа да әсер етеді» дейді.

Барлығымыз цифрлық алжу үдерісіндеміз

 «Бүгінгі күні барлығымыздың зейіні күнделікті негізгі істерді де тындыра алмайтындай бытыраңқы. Барлығымыз цифрлық алжу үдерісіндеміз» дейді Шалчини.

Цифрлық деменция мен алжу ауруларын салыстыра отырып Шалчини алжудың мидың құрылымының кішірею арқылы болғанын айтады.  Яғни жалпы жасы ұлғайған адамдарда болатын алжу ауруының ықпалы цифрлық деменцияның ықпалы бірдей емес. «Альцгеймер секілді алжу спектріндегі аурулар жастың ұлғаюымен бірге артады, цифрлық деменция даму жолындағы миға ие балаларға да әсер етеді.  Электроникалық жиһаздарды асыра қолдануды дәрігерлер мен психологтар үлкен уайым қайнары деп есептейді. Әлеуметтік оқшаулану, қозғалыстың жетіспеушілігі, ашушаңдық,  қысқа мерзімді ұмытып қалу – цифрлық деменцияның белгілерінің кейбірі» дейді маман.

Цифрлық алжуды болдырмау үшін не істеу керек?

Шалчини кеңестерін былай тізіп айтады: «Болашақ ұрпаққа технологияны ақылды қолдануды үйрету керек. Баспа материалдарын оқу оқығанын түсіну қабілетін арттырады. Зерттеулер осыны көрсетіп отыр.  Сондықтан оқу үшін планшет және смарт-телефондардың орнына журнал, роман, газет секілді баспа материалдарын көп қолдануға ынталандыру қажет».

Өзгеріс өзімізбен басталады

Миды белсенді қылып ұстау және дені сау болу үшін ойын ойнау және жаттығу жасау – өте маңызды.  Шалчини миды күту үшін ойналуы керек ойындарды былай тізеді: «Ашық ауадағы спорттық шаралар проблемаларды шешуге жарайды.  Балалардың технологиялық жиһаздарда тек зейінді арттыратын ойындардың орнына кемінде ойлануды және проблема шешуді ынталандыратын шахмат, Скрэббл ойыны, пазл секілді ойындарды ойнауына жол ашу керек.  Айырықша балалар ата-анасының көшірмесі. Көргенін істейді,  естігенін емес.  Өзгеріс өзімізбен басталады»

 

Дереккөз - Trt Haber 



Ұқсас жаңалықтар