Жүздеген жыл бұрын Анадолыда жер сілкінісін өлшеу жүйесі болғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? -40

1995113
Жүздеген жыл бұрын Анадолыда жер сілкінісін өлшеу жүйесі болғанын білетін бе едіңіз?

Жүздеген жыл бұрын Анадолыда жер сілкінісінің өлшеу жүйесі қолданылғанын білетін бе едіңіз?

Бүгінгі таңда жер сілкінісін өлшеу үшін көптеген технологиялық құралдар қолданылады. Жер сілкінісін өлшейтін сейсмографтар алғаш рет 1800 жылдары қолданылғанымен, осы күннен ғасырлар бұрын Анадолыда қызық бір жер сілкінісін өлшеу жүйесі қолданылған. Бұл жүйе «Жер сілкінісі таразысы» немесе «Таразы тасы» деп аталады.

Османлы архитектурасында мешіттердің бұрыштарына орналастырылған және мешітке жер сілкінісі немесе жерге көмілу салдарынан зиян келіп келмегенін, ғимаратта қирау бар-жоғын анықтауға жарайтын екі бөлек бұрышта, төрт бөлек ойыққа орналастырылатын цилиндрлік мәрмәр таразылары бар.

Анадолының әртүрлі мешіттерінде «жер сілкінісі таразысы» деп аталатын бұл тәртіпте мәрмәр цилиндрлер ойыққа тігінен орналастырылған.

Жер сілкінісі таразылары өте қарапайым бір жүйемен жұмыс істейді. Егер цилиндр оңай айналатын болса, мешіт жер сілкінісінен зақымданбаған деген сөз. Алайда, цилиндр айналмаса немесе бұрылу кезінде қиындықтар туындаса, құрылымның зақымдалғаны байқалады. Жер сілкінісі таразылары әлі күнге дейін қолданылады және өзі орналасқан мешіттердегі жамағаттың бақылау механизмі ретінде қызмет етеді. Мысалы Бурсада 1424 жылы ғибадатқа ашылған және Османлы сәулет өнерінің алғашқы кезең көрнекті үлгілерінің бірі болып табылатын «Йешил» мешітінде де құрылыстың беріктігі әлі күнге дейін жер сілкінісі таразыларымен өлшенеді.

Түрік тарихының танымал тұлғаларының бірі және әлемнің ең қабілетті сәулетшілерінен болған Мимар Синанның еңбектерінде жер сілкінісі таразыларын көруге болады. Мимар Синан салған және 1585 жылы аяқталған Манисадағы «Мурадийе» мешіті жер сілкінісі таразысымен салынған құрылыстардың бірі. Михрабтың екі жағындағы таразының арқасында бүгінгі күннің өзінде құрылыстың зақымдануы немесе мешіттің еденінде орын ауыстыру бар-жоғын тексеруге болады.



Ұқсас жаңалықтар