«Кастамону сүрі еті»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 37-2023

1985327
«Кастамону сүрі еті»

«Кастамону сүрі еті»

Тіркелу уақыты:  29.03.2021

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы Кастамону қаласы өңірдің жайлауларында өскен іріқара малдың етінен жасалған «Кастамону сүрі етімен» танымал. Кастамону Кәсіпкерлер және қолөнершілер одағының өтініші бойынша 2021 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. «Кастамону сүрі еті» осы салада Кайсери мен Афионкарахисар қалаларының мықты бәсекелесі.

«Кастамону сүрі етін» дайындауда тайыншаның сүйексіз арқа еті қара тұзбен тұздалып, 3 күн сақталады. Осы барыста суы сүзілген етті салмақты затпен бастырады, артынан сумен жуылып, күнге кептіріледі, аймаққа тән Ташкөпру сарымсағы қосылып, «чемен» атты дәмдендіргішпен қапталады. Етті сүрлеуде екі-екі жарым жастағы тайынша еті қолданылады. Қыркүйек пен сәуір айларында жасалатын «Кастамону сүрі еті» орташа тұзды, дәмі қышқыл болып, түсі қызғылт келеді.  



Ұқсас жаңалықтар