Мелисса (жаужапырақ) шайы

«Денсаулық зор байлық» - 35

1981023
Мелисса (жаужапырақ) шайы

Тыныштандыратын және рахаттандыратын әсерімен белгілі жаужапырақ шайының денсаулығымызға пайдасы өте көп.

Жаужапырақ шайын кім іше алады?

• Стрестен туындаған ас қорыту бұзылыстары,

• Асқазан мен ішекте спазмы және ауырсынуы барлар,

• Іш қату проблемасы барлар,

• Мазасыздық пен қатты ашулану проблемасы бар адамдар,

• Стресс себепті жүрек соғуы барлар,

• Жүрек айнуы, құсу, көлік немесе теңізде жүрек айнуы сияқты шағымдары бар адамдарға ішуге болады.

Жаужапырақ шайының пайдасы қандай?

• Стресс пен мазасыздықты азайтуға көмектеседі

Жаужапырақ шайының стрестің белгілерін азайтқаны, босаңсуды қамтамасыз ететіні және психикалық денсаулыққа пайдалы екені белгілі. Кейбір адамдарда мазасыздық пен депрессия белгілерін жақсартуда тиімді.

Жүргізілген бір зерттеуге қарағанда, жаужапырақ шайын ішетін адамдар тыныштық күйін сезінеді, ұйықтауға деген құштарлығы артады. Жаужапырақ шайы сондай-ақ ашулану және шамадан тыс толқу сияқты алаңдаушылық сезімдерін де басады.

• Концентрация және когнитивтік функцияны арттыруы мүмкін

Жаужапырақ шайының когнитивтік функцияларды арттырғаны анықталды. Жаужапырақ шайы әсіресе оқу барысында немесе кітап оқыған кезде тұтынылғанда есте сақтау қабілетін күшейтеді. Дегенмен мұндай жағдайда жаужапырақ шайын бір кеседен артық тұтынудан сақ болу керек. Бір кеседен артық жаужапырақ шайын ішу ұйқыңызды келтіріп, жұмысыңызға кері әсер етуі мүмкін.

• Ұшықты (Герпес) емдеуге қолдау көрсетеді

Антиоксиданттық құрамының арқасында жаужапырақтың сығындысы бар кремдер герпесті емдеуде тиімді. Герпесті тез емдеуге көмектесетін жаужапырақ герпестің жиілігін азайтады.

Жаужапырақ шайының антисептикалық қасиеттері бар, сондықтан герпес, жара, жәндіктердің шағуы және қызару сияқты қарапайым тері проблемаларын емдейді.

• Ас қорытуды жеңілдету

Ас қорыту жүйесіне байланысты асқазан ауруы, ішке ауа толу және ас қорытудың бұзылысы сияқты шағымдарыңыз болса, жаужапырақ шайы рахаттануыңызға көмектеседі. Жаужапырақ шайының жүрек айнуына да пайдалы екені белгілі.

• Бас ауруын басуға көмектеседі

Жаужапырақ шайы басатын тағы бір ауырсыну - бас ауруы. Стрестен туындаған бас ауруы болса, жаужапырақ шайы да түймедақ шайы сияқты босаңсытуға көмектеседі. Табиғи ауырсынуды басатын қасиеті бар деп есептелетін жаужапырақ шайын дененің әртүрлі бөліктеріндегі ауырсынуды жеңілдету үшін де ішуге болады.

• Жүректі емдей алады

Жаужапырақ шайы қан қысымын төмендететін және жүрек соғысы проблемалары барларды тыныштандыру мүмкін. Сондықтан жаужапырақ шайы жүрек-тамыр жүйесі үшін пайдалы болып есептеледі. Құрамындағы антиоксиданттың арқасында жақсы қан ағымында рөл атқарады.

• Иммунитетті күшейтеді

Вирус пен микробқа қарсы әсерінің арқасында бактерия, саңырауқұлақ және вирустармен күреске көмектеседі. Антиоксидантты жаужапырақ өсімдігі терлеуге ынталандырғандықтан тұмау және қызба ауруларға ықпал етеді. Жаужапырақ шайы бұл аурулармен күресте тиімді.

Ұйқының бұзылуын азайтады

Жаужапырақ шайының мазасыздық пен ұйқының бұзылысын азайтуға көмектесетіні белгілі. Жаужапырақ шайы ұйқысыздықтан зардап шегетін немесе ұйықтай алмай жүрген адамдарға көмектеседі. Мелисса шайы ұйықтар алдында ішілсе, ол релаксацияны қамтамасыз етеді және ұйықтауды жеңілдетеді.

• Тері дақтары

Жаужапырақ шайы сондай-ақ маска ретінде теріге қолданған кезде күннің жағымсыз әсері мен тері дақтарын қалпына келтіруге көмектеседі.

• Безеудің пайда болуын азайтады.

Көптеген себептерге байланысты теріде пайда болған дақтарды жаужапырақ шайы арқылы кетіруге болады.

• Жаужапырақ шайын қашан ішу керек?

Жаужапырақ шайының жеңілдететінін ескере отырып, оны стрестік уақытта ішу пайдалы болуы мүмкін екенін білу керек. Кешке ұйықтардан бірнеше сағат бұрын ішетін жаужапырақ шайы әрі күні бойы сізге әсер ететін радиациялық ықпалды азайтады, әрі стрестен арылуға көмектесіп ұйықтауға жағдай жасайды. Күніне ең көп 2 кесе ішу керек. Жаужапырақтың бұл қасиеті ұйқыға деген құштарлықты арттыратын дәрілік шүйгіншөп, кәдімгі шайқурай, тіршілік тамыры (женьшень), түймедақ сияқты шөптермен бірге ішкенде бұл ерекшелігі одан әрі алға шығады.

• Жаужапырақ шайын қалай қайнатуға болады?

Қайнаған ыстық суды қақпағы бар шыныаяққа немесе шәйнекке құйыңыз. Содан кейін кептірілген немесе таза жаужапырақ шөптерін дереу қосып, қақпағын жабыңыз.

Жаужапырақ шайын шамамен 5-10 минут тұндырыңыз. Шамамен 10 минуттан кейін шайды сүзіп, ішуге болады.

Таза жапырақтарды әсіресе жазда салқын сусындарға да қосуға болады. Жапырақтарды сорпаларға, балық тағамдарына, палауларға және жеміс салаттары мен басқа салаттарға да қоса аласыз.

Жәндіктер шаққанда жапырақтарды ұсақтап, паста форматына келтіріп ем ретінде қолдану керек.

• Жаужапырақ шайының жанама әсерлері

Қалыпты мөлшерде тұтынған кезде бұл жанама әсерлердің ықтималдығы өте
төмен. Жаужапырақ шайын шамадан тыс тұтыну келесі жанама әсерлерді тудыруы мүмкін:

• Зәр шығарғанда ауырсыну,

• Бас ауруы,

•  Жүрек айну және құсу,

• Асқазан ауруы,

• Бас айналу,

• Дене қызуының артуы,

• Терінің жара болуы,

• Аллергиялық реакция,

• Қырылдап тыныс алу

Кейбір дәрі-дәрмектермен бірге қолданған жағдайда, жаужапырақ шайының
зияны байқалады. Қалқанша без, ұйқы, глаукома, тыныштандыратын және серотонинге әсер ететін басқа да препараттар қолданатын болсаңыз, жаужапырақ шайын тұтынбаңыз.

Жүктілікте, емізу кезеңінде, қалғанша безімен ауырғанға және 16 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.



Ұқсас жаңалықтар