Әлеуметтік желідегі «жалғандық»: Үйрек синдромы

Ең қызықты деректер - 22

1941524
Әлеуметтік желідегі «жалғандық»: Үйрек синдромы

Үйрек синдромы

 

Үйрек синдромы адамның әлеуметтік желідегі жазбаларында көрсететін «идеалды түрі» және оның шынайы өмірі арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

Әлеуметтік желіні қазіргі күні адамдардың  барлығы дерлік белсенді түрде пайдаланады. Ұнауға деген ұмтылыс – адамдардағы табиғи тілек. Біз бәріміз өз посттарымызда мінсіз болғымыз келеді және мінсіз деп есептелетін басқалардың кадрларында миымыз адасып кетеді. Сонда бәрі бақытты ма? Әлде олар «бақыттымыз» деген кейіп танытып жатыр ма? Келіңіздер, Үйрек синдромымен танысайық.

**

Әлеуметтік желіні қарап отырып, адамдардың өмірі қаншалықты мінсіз деп ойлап, өзіңізді олармен салыстырасыз ба?

Сырттай мінсіз көрінетін адамдар негізінде  бізден көп айырмашылығы жоқ, неге олар осылай кейіп танытады?

Әлеуметтік зерттеушілер бұл жағдайды үйрек синдромы деп атайды, яғни адам өзінің шынайы өмірі мен әлеуметтік медиасы арасында әртүрлі әрекет етеді.

Үйрек синдромы адамның әлеуметтік желідегі жазбаларында көрсететін «идеалды түрі» мен оның шынайы өмірі арасындағы айырмашылықты түсіндіреді. Бұл синдром адамның әлеуметтік желіде бөлісетін ақпараты мен суреттері шынайы өмір тәжірибесін көрсетпейтінін білдіреді.

Осы ұғымды алғаш рет Стэнфорд университеті ойлап тапқан. Мамандар  «үйрек синдромы» терминін студенттердің кез келген күйзелісті, депрессияны, өз-өзіне күмәнданушылықты басу кезінде сырттан сабырлы болып көріну қабілетін түсіндіру үшін қолданды.

**

Неліктен үйрек? Сен үйректерге назар аудардың ба?

Көбіміз судың үстінде сырғып жүретін үйректерге сүйсініп қараймыз.  Судың үстінен қараған кезде біз үшін ешқандай проблема жоқ, бірақ нақты күрделілік су астында жүреді. Үйректің көл астындағы аяқтары бір машина сияқты жұмыс істейді.

Әлеуметтік желілерде адамдар өздерін қалай көрсеткісі келсе солай көрсетеді.

Әлеуметтік медиа - бұл барлық нәрсеге ешбір күшсіз, күрессіз  қол жеткізілетіндей әсер қалдыру үшін қолайлы орта. Адамдардың көбі де осылай жасайды.

Адамдар әлеуметтік желіде көрінгендей шынымен бақытты, бай, табысты, жайлы ма әлде мінсіз бе? Жауапты бәріміз білеміз: Олай емес әрине.

Адамдар бүгінгі «мінсіздікке күш салып, кемелсіздікті жоққа шығаратын» әлемге бейімделу үшін пішіннен пішінге енуге мәжбүр. Бірақ бұл біздің психологиямызға қаншалықты әсер ететінін білеміз бе?

Үйрек синдромы бар адамға ең көп әсер ететін деталь - «басқалары», яғни басқа адамдар. Ал  басқалар туралы ойлау арқылы өмірден ләззат алу өте қиын. Бұл синдром адамда алаңдаушылық пен депрессияны тудыруы мүмкін. Егер сіздің басыңызда да осындай қиындықтар бар деп ойласаңыз, психологтан қолдау алғаныңыз өте жақсы болады, өйткені әлеуметтік желідегі кадрлардағыдай ешкім мінсіз емес.

Ешкімнің өмірі үйректің су үстінде жүзуі секілді керемет емес. Өзіңізді басқа біреумен салыстыру - өзіңізге жасайтын ең жаман нәрсе.



Ұқсас жаңалықтар