Шашыраңқы ми синдромы

Ең қызықты деректер - 19

1932288
Шашыраңқы ми синдромы

Технологияға тәуелді адамдарда алаңдаушылық, мазасыздық, депрессия және басқа импульстік бұзылулар байқалады.

Шашыраңқы ми синдромы дегеніміз не?

Стамбул денсаулық ғылымдары университетінен проф. др. Өзалп Экинчи біздің дәуіріміздің ауруы болып табылатын шашыраңқы ми синдромын 90-шы жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басынан бастап технология экранды бола бастағаннан кейін цирфлық медианың адамға әсерінің нәтижесі деп қарайды.

Әлем дәуірдің осы ауруына қалай шалдықты?

Технология әлемінің сатылап ұсынған қоздырғыштары шын өмірдегіден әдемі және тартымды күйге келді. Бұл жағдай технологиялық жиһаз қолданысында белгілі бір уақыттан кейін адамдарда артқан тәуелділік әлеуетін қалыптастырды.

Соңғы жиырма жыл ішінде психиатр мамандар технологиялық жиһаздардың, экраны бар құрылғылардың адам миында тәуелділік орталығын қоздырғанын байқады. Жүргізілген ғылыми зерттеулер технологиялық жиһаздарды көп қолданатын және тастай алмайтын балалар мен ересектердің миындағы осы орталыққа қатты әсер ететінін көрсетті.

Технологиялық тәуелділік ауру ма?

Диагностика классификациясы жүйесінің диагностикалық тізіміне (DSM- Diagnostic and Statistical Manual of Mental Disorders) адамды жалғыз қалдырып, депрессияға кіргізетін «интернет тәуелділігі» де қосылды. Осы жағдай технологиялық тәуелділіктің айғағы болып табылады.

Шашыраңқы ми синдромының белгілері қандай?

Экранға көп қарау, балалар мен ересектерде хроникалық шаршау, зейінді жинақтай алмау, ойдан экранның дереу кетпеуі, виртуалды әлем мен шын өмір арасында байланыс құруда қиналу секілді проблемаларға жол ашады.

Цифрлық экрандар балаларда аутизмді қоздыра ма?

Алдымен мынаны айту керек: баланың цифрлық қабілеті оның алдағы өмірінде оның табысты болатынын көрсетпейді.

Сөйлеу қабілеті, тіл машықтары жетілетін кезде интерактив байланыста болудың орнына экранға көп қарайтын балаларда сөйлеу кешігеді. Кідірмей сөйлеу қабілеті азаяды. Бұл аутизмге жақын балаларға да әсер етеді.

Цирфлық ми синдромына қарсы ата-аналар не істеуі керек?

Басты ереже – бастапқыдан бастап түбегейлі және табанды қағидаға үйрету. Отбасы ішінде бір шешім қабылдануы керек және осы қағидаға отбасының барлық мүшелері бағынуы қажет. Сағат 20-да үйдегі барша кісі телефон және экрандарды өшіріп,  кітап оқуы немесе бірге ойын ойнау секілді.

Алғашқы 4 жас – балалар технологиялық жиһаздармен таныспауы керек.

4-5 жас – жарты сағат / 45 минут рұқсат беру керек.

6-7 жас – 45 минут / 1 сағат.

Жасөспірім болғанға дейін күніне  1/1,5 сағат және аптаның аяғында 2/2,5 сағат стандарт шектеме қою керек.

 Екінші басты ереже: технологиялық жиһаздардың орнына бір нәрсе орналастыру

Технологиялық тәуелділіктің әсерімен ұзақ уақыт бойы мотивацияны жоғалтып алуға байланысты баланың ықыласын аударатын нәрселер балама болуы керек. Мысалы спорт түрлері бұл жағдайда тамаша балама болады.

Интернет тәуелділігінен қалай арылуға болады?

Отбасындағы баршаның белгілі уақыттан кейін телефон мен экранды толықтай өшіруі және бірге сапалы уақыт өткізуі сатылы түрде интернет тәуелділігінен құтылудың бір жолы болуы мүмкін.

Бұл жағдай «тапшылық» сезімін жаратса да, уақыт өте келе үйренісіп кетеді.



Ұқсас жаңалықтар