Остеопорозға қарсы табиғи сақтық шаралары

«Денсаулық зор байлық» - 18

1926295
Остеопорозға қарсы табиғи сақтық шаралары
Kemik erimesi.jpg

Остеопороз (сүйек жоғалуы) сүйектердің әлсіреуі мен сынғыштығына әкелуі мүмкін. Остеопороз әсіресе әйелдерде жиі кездеседі.

Остеопороздың қауіпті тобына кім кіреді:

• Өздігінен болған немесе сынумен нәтижеленбейтін бір жарақаттан туындаған сынықтар,

• Жастық кезеңмен салыстырғанда бой ұзындығының 4-6 см-ге қысқаруы,

• Кіші және жұқа қаңқа құрылымы,

• Ата-аналарында жамбас сынуы барлар,

• Темекі мен алкогольді тұтынатындар,

• 3 айдан астам кортизонды препараттарын пайдаланатындар,

• Кальций мен D дәрумені жеткіліксіздігі барлар,

• Дене шынықтыру және жаттығулармен айналыспайтындар және ұзақ уақыт бойы төсекке таңылғандар остеопороз тұрғысынан тәуекел тобына жатады және қажетті сақтық шаралары ерте кезеңнен бастап қабылдануы керек.

Табиғи ұсыныстар:

• Кальций қолдауы

Балалық және жасөспірімдік шақта қабылданған кальций сау және күшті сүйек жүйесі үшін маңызды. 1 стакан сүтте шамамен 300 мг кальций, 1 тілім чеддер ірімшігінде 210 мг және лосось балықтың 1 порциясында шамамен 200 мг кальций бар.

• Физикалық белсенділік

Күнделікті өмірде физикалық белсенділікті арттырыңыз. Лифттің орнына баспалдақпен жүріңіз және көлікпен жүрудің орнына жиі жаяу жүріңіз.

Жаяу жүру, жүгіру, теннис, би сияқты сүйектерге жүктемені қамтамасыз ететін, бірақ шамадан каспайтын жаттығуларды жасауды назардан тыс қалдырмаңыз.

• D дәрумені

D дәрумені сүйектерді нығайтуға өте пайдалы. D дәрумені кальцийдің ас қорыту жүйесінде сіңуін және сүйек тінінің түзілуін арттырады. Күндізгі жарыққа шығып, күніне орташа есеппен 15 минут күн сәулесін алатын болсаңыз, D дәруменінің күнделікті қажеттілігі үшін жеткілікті.

• Темекі мен алкогольді тастау міндетті

Темекі мен алкогольдің құрамындағы улы заттар сүйектің түзілуіне жауапты жасушаларды өлтіріп, сүйек құрылымында рөл атқаратын эстроген сияқты гормондардың азаюына себеп болады. Ас қорыту жүйесінде кальцийдің сіңуі төмендейді және кальцийдің бүйректен шығарылуы артады. Осының нәтижесінде денеде қолданылатын кальций мөлшері азайып, сүйек түзілуі жүзеге асырыла алмайды.

• Жеткілікті және теңгерімді ақуызды қабылдау

Сүйектің %50 ақуыздан тұрады. Сондықтан сүйектің денсаулығын сақтау және остеопорозға төзімділік үшін жеткілікті ақуызды қабылдау қажет. Орташа үлкендікте жұмыртқада 6 грамм, 100 грамм тауық етінде 20 грамм, 100 грамм лосось балығында 19 грамм ақуыз бар.

• Кофеинді тұтынуды азайту керек

Кофеин темекі шегу және алкоголь сияқты сүйек түзілуін азайтып, остеопороз ықтималын арттырады.

• Тұзды тұтынуды теңестіріңіз

Тұзды шамадан тыс тұтыну сүйектердің әлсіреуіне және остеопорозға әкеледі. Сондай-ақ остеопорозға қарсы өңделген тағамдардағы тұз қатынасын бақылау арқылы тұтынуды қадағалаңыз.

• Сүт тұтынуды арттырыңыз

Сүйек денсаулығы үшін кальцийді тұтынуға назар аударыңыз және сүт пен сүт өнімдерін жеткілікті мөлшерде тұтыныңыз. Cүтті даршын немесе жеміс пюресімен де  тұтынуға болады.

• Баспалдақ, кілем, кабельдер құлауға себеп болуы мүмкін. Өмір сүрген ортаңызда қажетті шараларды қабылдау арқылы құлау қаупін азайтыңыз.

• Жүйелі түрде денсаулығыңызды тексертіп, елеусіз қалдырмаңыз және дәрігеріңізбен кеңесіп, сүйек тығыздығын уақытылы өлшеңіз.

• Пайдалы тағамдарды тұтыныңыз

Қара өрік: Қара өрік сүйек пен бұлшықет массасын арттырады. Осы себепті қара өрікті жеңіл тамақ ретінде жеуге болады.

Бадам: Бадам құрамында жоғары мөлшерде кальцийдің бар. Сүт пен бадамды бірге тұтыну ұсынылады.

Йогурт: Сүйектерді нығайту үшін күн сайын табиғи йогурттан бір тостаған ішіңіз.

Лимон: Лимон суы, көп лимон сығылған салат және үйдегі қантсыз лимонад сүйек денсаулығына болымды әсер етеді.

Балық: Омега 3-ке бай балықты остеопороздың алдын алу үшін тұтыну керек. Балықты тұтыну жүрек пен сүйек денсаулығын қолдайды.

Шпинат: Бұлшық ет пен сүйектің қалыптасуын қамтамасыз еткендіктен шпинат остеопороздың жауы болып табылады.

Калийге бай тағамдар (банан, қызанақ, апельсин шырыны) организмде кальцийді сақтауға көмектеседі.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар