Цифрлық дәуірдегі виртуал әлемінің тілі

Балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар цифрлық дәуірде бұл сөздерді қалай үйренуі керек? Цифрлық ұғымдарды меңгеру отбасыларға қалай әсер етеді?

1911000
Цифрлық дәуірдегі виртуал әлемінің тілі

Цифрлық дәуірдегі виртуал әлемінің тілі

«Loot» жасау (цифрлық ойындарда олжа алу), «level» көтеру (ойындардағы кейіпкердің деңгейін көтеруге тырысу), ДМ-ден хабарлама жіберу (тікелей хабарлама, басқа адамға жеке хабарлама жіберу) ... Бұл - жаңа ұрпақ виртуалды әлемде қолданатын сөздердің кейбірі. Сонымен ата-аналар балалары қолданатын осындай ұғымдардың  қаншасының мағынасын біледі? Бала тәрбиелеп отырған ата-аналар цифрлық дәуірде бұл сөздерді қалай үйренуі керек? Цифрлық ұғымдарды меңгеру отбасыларға қалай әсер етеді?

**

Интернет соңғы жылдары кең таралуда, виртуалды әлем күн сайын өмірге дендеп енуде.

Бұл жағдай қарым-қатынастың жаңа тілін де пайда қылады.

Олар «loot» жасайды, «level» асады, достарымен DM арқылы сөйлеседі. Жаңа буын цифрлық дәуірде виртуалды әлем тілін пайдаланады.

Жаңа ұрпақтың виртуалды әлемде қолданатын ұғымдары ата-аналарға оғаш немесе түсініксіз болып көрінуі мүмкін.

Бұл сөздерді ата-анаға айтса, «Бұл сөз маған таныс емес, естіген жоқпын», «Бұл сөзді бірінші рет естідім» деген жауаптар келеді.

Жас ұрпақ пен ересектер арасындағы жас алшақтығы неғұрлым көп болса, олар виртуалды әлемде қолданылатын тілден соғұрлым алшақтайды. Шындығында кейбір ата-аналар балаларының виртуалды әлемде пайдаланатын веб-сайттарымен де таныс емес. Facebook, Instagram, Twitter дегенді естімегенмін дейтін ата-аналар бар.

Балаларының виртуалды әлемде мінез-құлқын бақылау үшін ата-аналарға олардың қолданатын тілін меңгеру кеңес беріледі.

Әлеуметтік медиа және цифрлық қауіпсіздік білімін зерттеу орталығының (SODİMER) вице-президенті, доктор. Левент Эммунгил отбасыларға үн қатады: "Біз цифрлық дәуірде балалар қолданатын тілді олардан үйрене аламыз. Бұл тілді олармен бірге үйрену оларға көңіл бөлетінімізді және олармен бірге екенімізді сездіреді" дейді.

Ал балалары қолданатын ұғымдарды білу отбасыларға не береді?

Др. Левент Эммунгил "Неге үйренуіміз керек деген сұраққа келетін болсақ, бұл жерде маңызды мәселе - олармен салауатты түрде сөйлесе білу. Өйткені біз олардың әлемінен ажырап қалмау үшін олардың не қолданатынын білуіміз керек."  дейді.

Мамандар бұл қарым-қатынастың отбасылық байланыстарды да нығайта түсетінін айтады.

Дереккөз: Trt News



Ұқсас жаңалықтар