Жөтел шағымдарын табиғи емдеу ұсыныстары

«Денсаулық зор байлық» - 12

1908009
Жөтел шағымдарын табиғи емдеу ұсыныстары
öksürük (1).jpg

Бүгінгі бағдарламамызда жөтел шағымдарын табиғи емдеу ұсыныстарынтілге тиек етеміз. Бұл табиғи ұсыныстар жөтелмен күресуді жеңілдетуге көмектеседі.

Ішетін су мөлшерін арттырыңыз

Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары салдарынан туындайтын мұрынның ағуы мен тамақтың қажынуы жөтелді тудыруы мүмкін.

Су бұл ағуды жұқартып, тамақтың жара болуының алдын алуы немесе жеңілдетуі мүмкін. Суды көп ішу сонымен қатар тамақтың одан ылғалдылығын сақтауға көмектесіп, осылайша жөтелді жеңілдетеді.

Пияз емі

1 пиязды 4-ке кесіп, 1 стакан су құйып, қайнатыңыз. 5 минут қайнағаннан кейін отты өшіріп, сәл суығанша күтіңіз. Іше алатындай жылы кезінде суын сүзіп, стаканға салыңыз. Оған 1 шай қасық бал салып, араластырып ішіңіз.

Шомыр емі

Шомырдың ішкі бөлігін біраз ойып, түбін тесіп тастаңыз. Содан кейін шомырды стақанға салып, оған бал қосыңыз. Шомырды келесі күнге дейін қалдырыңыз және стақанға тамшылаған балды тұтыныңыз.

Сарымсақ және даршын

Бір стақан қайнаған суға бір түйір сарымсақ пен 2 даршын таяқшасын қосыңыз. 5 минут тұндырғаннан кейін ішіңіз.

Сүт

Бір стақан сүтті қайнатыңыз. Қайнап жатқан сүтке бір шай қасық қара бұрыш сеуіп, күтпей-ақ ішіңіз. Қоспаны тәттілеу үшін бал қолдануға болады.

Зімбір мен бал пастасы

Ұнтақталған зімбір мен бір шай қасық балды араластырып, паста жасаңыз. Дайындалған пастаны тамақтан кейін жеп қойыңыз.

Лимон, қара бұрыш, тұз

Лимонды төртке бөліңіз. Кесілген бөліктердің біріне қара бұрыш пен тұз себіңіз. Тез жазылу үшін лимонды жеңіз.

Бадам қосылған апельсин шырыны

Шикі бадамдарды рондодан өткізіңіз. 2-3 шай қасық ұсақталған бадамды бір кесе апельсин шырынымен араластырыңыз. Оны күн сайын таңертең және кешке жатар алдында ішуге болады.

Жөтелге қарсы шөп шайына бал қосыңыз, жалбыз бен лимон қайнатыңыз

Жөке, итмұрын, шалфей, зімбір, жалбыз бен лимон сияқты шай немесе сусындар жөтелді жеңілдетуге ықпал етеді. Сонымен шайға бал қосу жөтелге жақсы. Бал суды сақтайтын қасиетімен тамақтың құрғауын басады және жөтелдің ұзақтығын азайтуда да тиімді.

Қара бұрыш пен бал

Бір шай қасық таза ұнтақталған қара бұрыш, 2 ас қасық балмен бір кесеге араластырыңыз. Үстіне қайнатып, біраз күткен ыстық су құйылады да, 15 минут бойы бетін жауып демдеген соң сүзгіден өткізіп, ішіңіз. Бұл қақырықпен бірге келетін жөтелден құтылу үшін тамаша қоспа.

С дәруменіне бай тағамдарды жеңіз

Жөтел жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясына байланысты дамыған болса, грейпфрут, мандарин, апельсин және лимон сияқты цитрус жемістерінен басқа қырыққабат, таңқурай, қызанақ, шпинат, үрме бұршақ, ас бұршақ және пияз сияқты С дәруменіне бай көкөністер мен жемістерді тұтыныңыз.

Шылым шегуді мүлдем тастаңыз

Темекі түтіні де жоғарғы және төменгі тыныс жолдарына зиян келтіретін факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ тыныс алу жолдарын қорғайтын механизмдердің бұзылуына әкеледі. Бұл зиянды әдетті мүмкіндігінше тезірек тастаңыз.

Бөлмеңіздің ылғалдылық деңгейін реттеңіз

Үйдегі құрғақ ауа тыныс алу жолдарын кептіру арқылы жөтелді күшейтетін маңызды фактор болып табылады. Үйдегі ылғалдылық деңгейін оңтайландыру үшін ылғалдандырғыштарды пайдалануға болады. Қол сүлгіні сулап, оны жылытқыштың үстіне қоюға болады.

Ылғалдылық деңгейінің 30-50 пайыз аралығында екеніне көз жеткізіңіз. Дегенмен ылғалдандырғыштарды ұзақ уақыт пайдаланбаңыз. Сондай-ақ күн сайын бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.

Ыстық душ қабылдаңыз

Ыстық душ мұрындағы секрецияны жеңілдету арқылы жөтелді азайтуға көмектеседі. Ыстық ваннадағы бу аллергия мен демікпеден туындаған жөтелге де пайдалы.

Парфюмерия мен тазартқыш құралдарына сақ болыңыз

Парфюмерия, тұрмыстық тазалау құралдары (ағартқыш сияқты) тамақты жаралай отырып, жөтелді тудыруы мүмкін.

Сағат 19:00-ден кейін тамақ ішпеңіз

Рефлюкс мәселесі болса кешкі 19:00-ден кейін тамақ ішуді тоқтатыңыз. Мүмкіндігінше шай, кофе, газдалған сусындар және шоколад сияқты рефлюксті күшейтетін тағамдар мен сусындардан аулақ болыңыз. Ұйықтап жатқанда жастықты көтеруді ұмытпаңыз.

Төсеніштерді кем дегенде 55 градуста жуыңыз

Аллергиясы бар адамдарда үйдің шаңы мен кенелері және тот, құс, мысық және иттердің өлі терісі де жөтел ұстамаларын тудыруы мүмкін. Мұндай аллергиялық факторларға қарсы сақтық шараларын қабылдаңыз. Жүннен жасалған ішкі көйлектер, көрпелер, жастықтар және кілемдерді қолданбаңыз. Төсеніштер және жастық қапты кем дегенде 55 градус және одан жоғары температурада жуыңыз. Төсек жапқыштары мен перделер үшін жиі жууға болатын мақтадан жасалған мата таңдаңыз.

Аллергиялық жөтелге қарсы шаң ұстайтын заттарға жақындамаңыз

Сізде аллергия болса, үйіңізде мүмкіндігінше аз затыңыз болсын. Матамен қапталған заттардың орнына тері, синтетикалық немесе ағаштан жасалған бұйымдарды таңдаңыз. Көп шаң ұстайтын заттарды жабық шкафтарда сақтаңыз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар 



Ұқсас жаңалықтар