Астанада маңызды халықаралық жиналыстар өтті

Еуразия күн тәртібі – 08-2022

1895970
Астанада маңызды халықаралық жиналыстар өтті

 Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстанда өткен саммиттер мен сапарларға тоқталамыз.

2022 жылы 12-15 қазан күндері арасында Қазақстан елордасы Астана ондаған делегацияны күтіп алды. 13-14 қазанда Астанада маңызды халықаралық жиналыстар өтті. 13 қазанда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өткізілді. Саммитке Әзербайжан, Беларусь, Қытай Халық Республикасы, Вьетнам, Палестина, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан және Түркия Республикаларының президенттері мен орынбасарлары, Армения мен Пәкістанның премьер-министрі, министрлер, елшілер, жалпы 50 ел өкілдері мен 5 халықаралық ұйымның бас хатшысы қатысты. Саммит соңында 7 бабтан тұратын «Астана хаттамасы» қабылданды. Хаттамада орын алған ең басты шешім Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференцияны толық қанды халықаралық ұйымға айналдыру процесін бастау шешімі болды. Сонымен бірге саммитте Кувейт ұйымға 28-ші мүше ретінде қабылданды және Түрікменстан ұйымға бақылаушы ретінде сайланды.

14 қазанда Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы президенттер саммиті өтті. Саммитке Молдавия мен Украинадан тыс қалған ТМД елдерінің лидерлері қатысты. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев жиналыстағы сөзінде Минск тобынан 28 жылдан бері ешқандай нәтиже шықпағанын айтты. Келесі кезекті ТМД жиналысының Қырғызстанда өтетіні жарияланды.

Сол күні Орталық Азия елдері -Ресей Федерациясының бірінші саммиті өткізілді. Орталық Азиядағы бес ел өз арасындағы тұтастықты жылдамдату және халықаралық салада ортақ әрекет жасау үшін 5+1 жиналыстарын әлемдегі басты елдерімен жалғастырып келеді.

Астана қаласында маңызды екі жақтылы және үштік кездесулер де өтті. Шекара мәселелерін шешу мақсатымен өткізілген Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері жиналысынан нәтиже шықпады.

Астанадағы маңызды халықаралық жиналыстар аясында үш мемлекеттік сапар болды. Катар, Түркия және Түрікменстан лидерлері Қазақстанға ресми сапармен барды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия мен Катар лидерлерін әуежайда күтіп алды. Лидерлер арасындағы кездесулерден кейін Қазақстан мен Катар арасында 12 келісімге, Қазақстан мен Түркия арасында 6 келісімге, Қазақстан мен Түрікменстан арасында 14 келісімге қол қойылды.

Екі күнде үш мемлелкеттік сапар мен 3 халықаралық жиналысқа үй иесі болған Қазақстан үшін аталмыш организациялар өте маңызды болмақ. Жиналыстарды табысты өткізген Қазақстан халықаралық аренада маңызды актер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әлемдік саясатта Азияның маңызы артуда. Алғаш рет 1992 жылы ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі конференцияның маңызы бұдан былай да артады. Өйткені Азияның 90 пайызының басын қосқан организация Астана саммитінен кейін маңызды халықаралық платформаға айналды.



Ұқсас жаңалықтар