Еуразия күн тәртібі 03

Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағындағы араб елдері арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары қарқынды дамып келеді.

1880263
Еуразия күн тәртібі 03

Бүгінгі бағдарламада Эр-Риядта өткен Парсы шығанағы және Орталық Азия елдері араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің стратегиялық ынтымақтастық жиналысына тоқталамыз.

2022 жылдың 7 қыркүйегінде Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Бірінші Парсы шығанағы Араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесіне  мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің стратегиялық ынтымақтастық жиналысы өтті. Алғаш рет өткізілген бұл жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Сауд Арабиясы, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн және Оман сыртқы істер министрлері қатысты. Кездесуде аталған өңірлер арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері талқыланды. Жиналыста өңірлік қауіпсіздік пен халықаралық аренадағы қазіргі жағдай да қолға алынды. Отырыс соңында 2023-2027 жылдарды қамтитын инвестиция, сауда, көлік, білім, ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы ынтымақтастықтың жол картасының бірлескен мәлімдемесі мен іс-шаралар жоспары қабылданды.

Жиналыс аясында көптеген екіжақты кездесулер өтті. Бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Ендігі кездесу келесі жылы Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді. Сонымен қатар 2023 жылдың маусым айында Қазақстанда Бірінші Парсы шығанағы Араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі мен Орталық Азия елдерінің экономикалық форумы өтеді.

Еске сала кетейік, өткен тамыз айының басында Парсы шығанағы Араб елдері ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Найеф Фалах әл-Хаджраф Орталық Азия елдеріне барып, ел басшыларымен кездесулер өткізіп, ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған болатын.

Орталық Азия елдері мен Парсы шығанағындағы араб елдері арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Орталық Азия елдерінің басшылары араб елдеріне жиі сапар жасайды. Өзара рейстер екі-үш есеге артты. Бұрын араб елдері Орталық Азияда мешіт, мектеп салу сияқты қайырымдылық жұмыстарымен танымал болса, енді арабтар аймаққа ірі инвестиция салуымен резонанс жасай бастады. Араб елдерінің Иранмен қарым-қатынасы жақсарса, Орталық Азия Парсы шығанағы елдерімен жақындасып, құрлық тасымалы қарқынды түрде дамиды.

Соңғы жылдары Парсы шығанағы араб елдерінің Азия континентіндегі мемлекеттермен ынтымақтастықты дамытуға мән беріп отырғаны байқалады. Сауд Арабиясы, Катар және Біріккен Араб Әмірліктері Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болғысы келеді. Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы аясында Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастар дамып келеді.

Парсы шығанағындағы араб елдері мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық бағыттары кеңейіп келеді. Инновациялық технологиялар, фармацевтика, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы сияқты көптеген салаларда бұл аймақтардың елдері ынтымақтастықты одан әрі дамыта алады.

Орталық Азия мемлекеттерінің басқа елдермен немесе халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасында бірлесіп әрекет етуді дәстүрге айналдырғаны қуанарлық жаңалық. Аймақтық  ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық жасауы Орталық Азия елдерінің өзара интеграциясын жеделдетеді. Батыс-Ресей қақтығысы Орталық Азия елдеріне басқа аймақтар және мемлекеттермен қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік береді.



Ұқсас жаңалықтар