Үштік саммиттер және олардың маңызы

Еуразия күн тәртібі - 50

1867239
Үштік саммиттер және олардың маңызы

     Бүгінгі бағдарламамызда Түркия мен Әзербайжан ортақ ұйымдастырған үштік саммиттерге тоқталамыз.

***

Түркия мен Әзербайжан басқа елдермен ынтымақтастықты күшейту мақсатымен ұйымдастырған үштік саммит көлемін кеңейтуде. 2022 жылы 27 шілдеде Бакуде Әзербайжан, Қазақстан және Түркия Сыртқы істері және Қатынас министрлерінің тұңғыш үштік саммиті өткізілді. Жиналыста үштік ынтымақтастықты арттыру, Каспийден өтетін Шығыс-Батыс Орталық дәлізін дамыту тақырыптары қолға алынды. Жиналыс соңында Сыртқы істер министрлері тарапынан  «Баку хаттамасына» қол қойылды.

Айта кетерлік жағдай,  Әзербайжан, Қазақстан және Түркия арасында  үштік саммиттің қажеттілігі Түркия Үні Радиосының «Еуразия тұғыры» бағдарламасында 2015 жылы тұңғыш рет тілге тиек болған еді.

2022 жылы 2 тамызда Ташкентте Әзербайжан, Өзбекстан және Түркия Сыртқы істер, Сауда және Қатынас министрлерінің алғашқы Үштік саммиті өткізілді. Жиналыста үштік серіктестік, қатынас саласындағы ынтымақтастықты арттыру, Түрік Мемлекеттері Ұйымы саммитінің дайындықтары талқыланды. Жиналыс соңында Сыртқы істер министрлері тарапынан «Ташкент хаттамасына» қол қойылды. Әзербайжан мен Түркияның үштік үлгідегі жиналыстарына Қазақстан мен Өзбекстанның қосылуында аталған елдер лидерлерінің тұғыры да маңызды рөл атқарды. Биыл Түркия мен Әзербайжан лидерлері Өзбекстанға, Қазақстан лидері Түркияға сапарлады. Бакудегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Қазақстан премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз айында  Әзербайжанға сапарлай баратынын хабарлады.

Баку мен Ташкентте өткен үштік жиналыстар жемісін бере бастады. Қарабахтағы соңғы оқиғаларда Қазақстан мен Өзбекстан  Сыртқы істер министрлері Әзербайжанды қолдау мәлімдемелерін дереу  жариялады. Бұл Түркі әлемінің халықаралық салада ортақ әрекет жасау, сыртқы саясатта бір ауыздылықты жетілдіруі тұрғысынан маңызды болып табылады.

**

Әзербайжан мен Түркия үштік саммиттер жалғасын Грузия, Иран және Түрікменстанмен де табысты жүргізуде. Осы жиналыстар қажетті кезде үштік саммитке өзгереді. Әрі басқа елдермен де өткізіледі. Мысалы Түркия-Ресей-Украина үштік Сыртқы істер министрлері жиналысы Түркияның бітімгерлігімен Анталия Дипломатия форумы аясында Анталияда ұйымдастырылды. Әзербайжан 2016 жылы Ресей және Иранмен бірге Сыртқы істер министрлері үштік саммитін бастады.

Баку мен Ташкентте алғашқысы өткен үштік жиналыстарда бастысы қатынас пен сауда тақырыптары қолға алынды. Өзбекстан әкімшілігі халықаралық қатынас дәлізін кеңейту мақсатымен Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай және Тирмиз-Мазари Шариф-Кабул-Пешавар теміржол құрылысын қолдайтынын мәлімдеді. Аталмыш темір жолы құрылысының тездетілуі үшін Ташкент әкімшілігінің  Өзбекстан-Қырғызстан-Қытай және Өзбекстан-Ауғанстан-Пәкістан үштік саммиттерін өткізуі қажет.

Қазақстан мен Өзбекстан лидерлері Шолпан-Ата қаласында өткен соңғы Орталық Азия лидерлерінің  бейресми жиналысына бір күн бұрын барды. Осылайша үш елдің лидерлері өзара кеңес өткізуге орай тапты. Аймақтық мәселелердің шешімі тұрғысынан осындай үштік жиналыстар өте маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар