48 жыл бұрын Түркияның Кипр операциясы бейбітшілікті қалай қамтамасыз етті?

СКТР жыл сайын 20 шілдені «Бейбітшілік және бостандық» күні ретінде атап өтеді.

1857444
48 жыл бұрын Түркияның Кипр операциясы бейбітшілікті қалай қамтамасыз етті?

Әскери операция Грекияның қолдауымен кипрлік түріктердің қанын төккен геноцидтік жасақтардың бетін қайтарды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) жыл сайын 20 шілдені «Бейбітшілік және бостандық» күні ретінде атап өтеді.

Түркияның 1974 жылы аралда болған зорлық-зомбылықтан кипрлік түріктерді қорғау үшін кең ауқымды әскери операция-  Кипр Бейбітшілік қозғалысын бастаған күні.

Сәрсенбі күні - кипрлік түріктерді жаппай қырғыннан құтқарған және аралдың екі қауымды тәуелсіздігін сақтай отырып, Кипрдің Грекияға қосылуына жол бермеген операцияның 48 жылдығы.

Кипр Республикасы 1960 жылы 16 тамызда екі тең қоғам негізінде құрылды.

Түркия да, Кипр түріктері де республиканы бірінші күннен құшақ жая қарсы алды, бірақ Кипрдің грек президенті архиепископ Макариос республиканы «Эносиске» (Грекиямен бірігуге) жасалған қадам ғана деп атаған кезде жағдай күрт өзгерді.

Кипрлік гректер 1963 жылы 21 желтоқсанда кипрлік түріктерді жойып, 48 сағат ішінде бүкіл аралды бақылауға алуды мақсат еткен «Акритас» жоспарын бастады, бірақ Кипр түріктері қудалауға қарсылық көрсетті.

Кепілгер ел Түркия БҰҰ мен халықаралық қауымдастықты 11 жыл бойы әрекет етуге шақырды, бірақ нәтиже ала алмады. 1974 жылы 15 шілдеде кипрлік понтилер екінші геноцидті жүзеге асыруға бағытталған «Ифестос» жоспарын іске қосты.

1974 жылы 15 шілдеде грек хунтасы төңкерістен кейін Макариосты қызметінен босатып, Түркия Грекия және Ұлыбританиямен келіссөздер жүргізе бастады.

Келіссөздер нәтиже бермеген соң Түркия 20 шілде күні аралға аяқ басып, конституциялық құрылымды қалпына келтіруге шақырды.

1974 жылғы Кипр бейбітшілік қозғалысының ардагері Йылмаз Бора Анадолы агенттігіне жасаған мәлімдемесінде «Операция жасалмаса, Кипр түріктері қырғынға ұшырайтын еді» деді.

«Біз Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Атамекеннің қолдауымен мәңгі өмір сүретініне сенімдіміз».

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының басшылығы 40 жылдан кейін халықаралық қауымдастықтың өз мемлекетін әдейі мойындамай, тағдырларын белгісіздікте ұстағанын түсінді. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Сыртқы істер министрі Тахсин Эртуғрулоғлу «TRT World» арнасына берген арнайы сұхбатында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жалғыз мемлекеттік шешімге сенбейтінін, сондай-ақ кипрлік понтилердің түріктерді тең серіктес деп қарамағанын айтты.

Эртуғрулоғлу «Біз серіктес таңдауын қолданып көрдік. Іске аспады. Бұл жұмыс істемеді. Неліктен? Өйткені олар кипрлік түріктердің өздерімен тең екендігі туралы көзқарасты қабылдамайды» деп көрсетті.

Эртуғрулоғлу «Серіктестік негізіндегі республикалық формула сынға түсіп, сәтсіздікке ұшырады. Өйткені екінші серіктес бұл жұмысты істегісі келмейді» деген сөздер қолданды.

Анкара кипрлік түріктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аралдағы әскери күшін сақтап отыр.

 Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Сыртқы істер министрінің көзқарасы бойынша басқа халықаралық ұйымдар сияқты БҰҰ  да  мәселені шешудің емес, проблеманың бір бөлігі болуды жөн көрді. Өйткені БҰҰ Түркияның 1974 жылғы операциясын қақтығыстың көзі ретінде қарап, Кипр мәселесіне қате диагноз қойды.

Министрдің айтуынша барлығы 1974 жылы «түрік әскери операциясы» болғанымен келіссе де, халықаралық қауымдастық бұл операцияның кипрлік гректердің кипрлік түріктердің саяси құқықтарын бұзғанынан басталғанын елемеді.

TRT World арнасына берген сұхбатында Эртуғрулоғлу аралдың үш ғасырдан астам Османлы билігінде болғанына назар аударып, «Түркия бұл аралдың Грекия аралына айналуына ешқашан рұқсат бермейді» деді.

"Біз бұл аралға Айдан келген жоқпыз. Аталарымыз бұл мекенге Анадолыдан келді. Біз -  Кипр аралында өмір сүріп жатқан түріктерміз. Кипрлік деген ұлттық ұғым жоқ. Кипрлік понти немесе кипрлық түрік деген ұлт бар, яки азшыл армян мен маруни тобы бар."

"Далаға шығуға қорқатынбыз"

1974 жылғы Кипр Бейбітшілік қозғалысының ардагерлерінің бірі Өмер Өзйылдырым аталмыш операциядан бұрын өте нашар шарт-жағдайларда өмір сүргендерін айтты.

Өмер Өзйылдырым Анадолы агенттігіне "Понтилер 1963 және 1974 жылдары арасында ауылымыздан әкеткен адамдардың барлығын өлтірді. Далаға шығуға қорқатынбыз. Қозғалыстан бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күші әскерлеріне  қаруларымызды тапсырып бердік және БҰҰ Бейбітшілікті қорғау күші біздің қаруларымызды грек полициясына берді" деді.

Өмер Өзйылдырым аралдың қауіпсіздігі жайлы БҰҰ Бейбітшілікті қорғау күші мен АҚШ-қа сенбейтінін айтты.

"Мен тек қана Түрік Қарулы Күштеріне сенемін. Түрік әскерлері аралда тұруы керек, егер олар кетсе, біз құримыз" деді ардагер Өзйылдырым.

Кипр мәселесі - стратегиялық Жерорта теңізінің шығысында тұратын екі түрлі діни және этникалық топ болған кипрлік түріктер мен кипрлік понтилер арасында ұзақ уақыттан бері жалғасқан бір саяси қақтығыс болып табылады.

Кипрлік түріктер таластағы аралдың мәртебесіне байланысты ондаған жыл жалғасқан саяси жанжалдан кейін бір мемлекетті негіз еткен шешімге сенбейді.

Бір мемлекетті шешім Кипр Республикасы екі қоғам және екі аймақ бірігіп 1960 жылы құрған кезден бері халықаралық қоғам қысым жасап келген саяси формула ретінде белгілі.

Кипр Бейбітшілік қозғалысының ардагерлерінің бірі Бесим Фарук Жан Анадолы агенттігіне берген сұхбатында "Кипрде федералдық бір шешімді қолдамаймын. Екі қоғам бірге өмір сүретін болса, бұл бір апат болады" деді.

"Кипрлік түріктердің және понтилердің бірге өмір сүруі мүмкін емес. Біз солтүстікте тұрып жатырмыз және ешқандай қиыншылығымыз жоқ" деді кипрлік ардагер.



Ұқсас жаңалықтар