Лондонда Османлы сарай музыка академиясы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 42

1845418
Лондонда Османлы сарай музыка академиясы бар екенін білетін бе едіңіз?

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда құрылған Османлы сарайы музыка академиясы оркестрі бар екенін білетін бе едіңіз?

 

Лондон Османлы сарайы музыка академиясы оркестрін классикалық музыка композиторы, дирижер және музыкатанушы Эмре Араджы құрды. Бакалавриат және докторлық мәртебесін Эдинбург университетінің музыка факультетінде алған Эмре Араджы өнерге, ежелгі сәулетке, әдебиетке, тарихқа және дипломатияға деген қызығушылығын біріктіру арқылы ерекше музыкалық мансабын жалғастыруда. 

Эмре Араджы 1997 жылы Түркия елшісінің Эдинбург консулдығына келуіне байланысты түрік тақырыптарын қамтитын бір концерттік бағдарлама дайындайды. Концертте 19-ғасырдағы Османлы сарайының кейбір әнұрандары мен билер алғаш рет орындалады. Бағдарламада Сұлтан Мұрад V-ші, Сұлтан Абдулазиз, Донизетти паша және Гуателли пашаның кейбір шығармалары орындалады. Тыңдармандарға үлкен әсер еткен концерт жарты жылдан кейін Лондонда кеңейтілген репертуармен екі рет қайталанды. Бұл концерттер қатты назар аударылған соң Османлы дәуіріндегі батыс стиліндегі шығармаларын орындайтын Лондон Османлы сарайы музыка академиясы оркестрі құрылды. 

Академияның қызметі аясында Еуропа музыка әдебиеті саласы бойынша түріктерге қатысты басқа да шығармаларды ашып, дыбыстау жұмыстары атқарылды. 

Эмре Араджы халықаралық туындыларымен Түркия мен Ұлыбритания және Еуропаға қоса шығыс пен батыс арасында мықты бір музыкалық көпір салды.



Ұқсас жаңалықтар