Тұңғыш демократиялық мәжіліс ғимараты және теңіз маягы

Анадолының тұңғыштары - 31

1816182
Тұңғыш демократиялық мәжіліс ғимараты және теңіз маягы

Мың жылдардың әуені қалықтап жүреді Анадолы жерінде.  Әрбір қадамда басқа қақпа ашылып, адам баласы тарихының тереңдіктеріне жетелейді. Бір бірінен өзгеше хикаялар айтылады тарих бойы, әр қайсысы бесік жыры секілді құшақтап алады өзін тыңдаған адамды.  Бәлкім естіген шығарсыз айтылған хикаяны, бәлкім бір аңызға айналған әңгіме болар,  бәлкім мыңдаған жылдан бері келіп бізге жеткен хикая. Обеликстерімен, қыш табақшаларымен немесе құдай мүсіндерімен осы жер бізді уақыт туннеліне алып барады.  Дәл теңіз маягының жүздеген жыл бұрынға шақырғаны секілді.

Ие, біз де бүгін құлақ түреміз әжелгі дәуірден бүгінге дейін келген теңіз маягының хикаясына. Ең ежелгі теңі маягы – Патара теңіз маягы туралы баяндап береміз.

**

Ақындар теңіз маягын «толқындардың шопаны» немесе «жартастардың ханзадасы» деп атайды. Үйіне оралуға тырысқан балықшыларға жағаны табу үшін жағылған от пікірінен шыққан алғашқы салынған теңіз маягы.  Олардың мақсаты - теңіздегілерге порт пен қаланың қайда екенін көрсету, жол көрсету. Теңіздердегі қауіптерді көрсететін күндердің келуіне әлі көп уақыт бар еді.  Ежелгі дәуірде кеме құрылысы дамыды және теңізге шыққандардың саны арта бастады.  Теңіз маяктары сол маңызды міндетті атқарды.  Енді олар жартастар, ағындарға қарсы теңіздегілерге ескерту жасап, дауыл кезінде паналайтын сенімді портты көрсететін құтқарушы ғимараттар болды. Талай теңізшіні тұман арасында жоғалып кетуден және өлімнен аман алып қалады, толқынға қарсы тұрған қаһарманға айналады.

Шамамен екі мың жылдан бері құламай тұрған Патара теңіз маягы да осы қаһармандардың бірі.  Рим императоры Нерон беделді ғимарат ретінде салғызады осы макты.  Неронның Римді өртегені туралы айғақ жоқ, бірақ маяктың үстіндегі алтын әріптермен жазылған жазу - маякты Неронның салғызғанының дәлелі.

Анталияның Каш ауданындағы Патара теңіз маягы әлемнің алғашқы маягы емес, бірақ түгел оригинал материалымен тұрған алғашқы және жалғыз маяк. Биіктігі отыз метрден асатын үлкен маяк бұл. Үлкендігін түсіну үшін жеті қабатты ғимаратты елестетуіңізге болады.

Маяк бір біріне қабысып тұрған екі цилиндр және арасында теңдік құрып тұрған баспалдағымен керемет инженерлік біліммен салынады. Бұл оның көп уақыт бойы жер сілкіністері және басқа да табиғи құбылыстарға төзуін қамдайды.  Алайда өкінішке орай магнитудасы 8,1 балдық Родос жер сілкінісіне және артынан келген цунамиге шыдай алмайды Патара теңіз маягы.

**

Теңіз маягы туралы айттық, бірақ Патараны Анадолының, тіпті әлемнің тұңғыштары арасына енгізетін басқа бір ерекшелігі бар.  Екі мың жылдық ежелгі қала әлемнің тұңғыш демократиялық мәжіліс ғимаратына ие.  Бүгінгі күні құламай тұрған мәжіліс ғимаратын ұлы ойшыл Монтескьё «Ежелгі әлемгің ең кереметі» деп мақтайды. Ежелгі театры, Рим жеңіс тағы, базилик, шіркеулер, моншалар, Тепеджик қабірстаны және жиырма км алыстан қалаға су жеткізген акведугымен Патара әрі классикалық археологияға,  әрі Орта шақ зерттеулеріне жол көрсетеді.

Патара Эллин дәуірінде маңызды қала болған.  Рим дәуірінде де Ликия Одағына бас қала болған.  Шығыс Жерорта теңізінің ежелгі дәуірдегі үш дақыл қоймасының бірі.  Анадолыдан Римге жеткізілген дақылдар осы портты қалада жиналған.  Мифологияда да арнайы орны бар Патараның. Себебі мифологияның ең маңызды құдайларының бірі жарық пен өнер құдайы Аполлон Патарада өмірге келген деп айтылады.  Аполлон анадолылық,  сондықтан Анадолы жерінде оған арнап салынған көптеген храм бар.

Мифологиямен шектеулі емес Патараның маңызы.  Діндер тарихында да беделді орны бар.  Аңыздарда Санта Клаус деп аталған Әзіз Николай да Патаралық.  Христиан дінін тарату үшін Анадолыны аралаған Сан Паул Римге бару үшін Патарадан кемеге мінеді.  Христиандық үшін маңызды Изник консулында Ликия Одағының атынан Патара эпискобы қол қояды.

**

Ежелгі дәуірдің жұлдызы Ликияның бас қаласы болған Патараны айтып бітіре алмаймыз.  Осы керемет өркениеттің іздерін Түркияның алғашқы ұзын қашықтықты серуен жолы Ликия жолында көруге болады. 550 километрлік осы жол түрлі рота ұсынады. Теңіз маягы да әлемнің ең ұзын жолы арасында көрсетілген Ликия жолынның бойында. Түркия жағалауының ең биік теңіз маягы Гелидония маягы осы жолдағы керемет көрінісімен көруге татиды.

**

Теңіз маяктары ежелгі дәуірлерден бастап өздері салынған қалалардың әскери және әлеуметтік-экономикалық күшін де көрсетеді.  Әрі функционалдығы, әрі сәулеті, әрі әсерімен ғасырлар бойы назар аударып келеді. Ашық хаттарда, макеттерде, пошта маркаларында, суреттерде, фильмдерде, өлеңдерден романдарға дейін барлық жерде орын табады. Кейде қорқыныштың, кейде жалғыздықтың символы ретінде қаралса да, жалғыз өзі болудың құламай қалуға кедергі болмайтынның айғағы. Тек теңіздегілерге ғана жол көрсетпейді, жалғыз екенін ойлаушыларға да жол көрсетеді.  Олар мықты ғимараттар. Теңіз транспортында бүгінгі күні дамыған технология қолданылса да,  ақау болып қалған кезде әлі де керек, бас тартылмайтын маңызды элемент.

Сіздерге ежелгі теңіз мактары арасында барлық бөлшектерімен бүгінгі күнге жеткен ең ескі және жалғыз маяк деп аталған Патара теңіз маягын баяндап бердік.  Сонымен бірге тарихтың алғашқы мәжіліс ғимараты мен әлемнің ең ұзын құмдығына ие Патараны айтып бердік.



Ұқсас жаңалықтар