Дауыстық командалық жүйені бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 28

1794693
Дауыстық командалық жүйені бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

Өмірімізге смартфондар арқылы кірген дауыстық командалық жүйені бір түрік ғалымның ойлап тапқанын білетін бе едіңіз?

1926 жылы Денизли қаласында кедей отбасында дүниеге келген Хусейн Йылмаз ата-анасынан жастай айырылып, 12 жасқа дейін мектепке бара алмады. Шопан болып жүргенде кездескен мұғалімдері оның мектепке баруына көмектеседі. Орта мектептегі жетістігі мен зерделігінің арқасында Стамбул техникалық университетінің электр факультетінен шақыру алып, жоғары білімін сонда аяқтады. Оның жетістіктері мен зерттеулерін қолдаған ұстаздары арқылы АҚШ-тағы әлемнің белгілі университеттердің бірі деп есептелетін Массачусетс технологиялық институтына (MIT) шақырылады. Сол жерде профессор дәрежесіне дейін көтерілген Хусейн Йылмаз Альберт Эйнштейннің «функция теориясындағы» кемшіліктерді анықтап, белгілі ғалымға хат жолдайды. Алайда хат Эйнштейнге жеткенше, ол дүниеден озады. Йылмаз анықтаған бұл қатені танымал ғылыми журналдардың бірінде жариялайды және «Йылмаз гравитация теориясы» атымен Эйнштейн теориясына қарсы әдебиеттер қатарына енеді.

Профессор Йылмаз өзі менеджер болып жұмыс істейтін бір технология компаниясында дауыспен басқарылатын компьютерді жобалау арқылы ғылым тарихына атын қалдырады. Бұл жұмысы бүгінде смартфондарда қолданатын дауыстық командалық жүйелердің атасы болып қабылданады.

2013 жылы дүниеден озған, проф.док. Хусейн Йылмаз академиялық өмірінде көптеген табысты зерттеулер жүргізіп, физика ғылымына өте маңызды үлес қосты.



Ұқсас жаңалықтар