Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей сапары жайлы

Еуразия күн тәртібі – 25

1781215
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей сапары жайлы

Бүгінгі бағдарламамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапарына тоқталамыз.

2022 жылы 10-11 ақпан арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Тоқаев 10 ақпанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен бас қосты. Екі лидер Қазақстанда қаңтар айында болған оқиғаларды және Ресей мен Қазақстанның экономикалық және сауда, білім беру, энергия, ғарыш зерттеулері салаларындағы ынтымақтастықтарын қолға алды. Владимир Путин қаңтар оқиғалары жайлы бағаландыруында «Қазақстан елдегі қиын жағдайдан пайдалануды ойлаған кейбір халықаралық топтардың құрбаны болды» деді. Ресейдің Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 4-ші бабы аясында Қазақстанға «қолдау бергенін» ескертті. Сонымен бірге Путин Тоқаевқа «Осы оқиғалар кезінде болған шығынның қалпына келуі үшін көп жұмыстану керек екенін білеміз. Алайда Қазақстан сіздің еңбегіңізбен асқақ жігермен дамып келеді» деді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы оқиғалар жайлы тергеулердің жалғасып жатқанын айтып: «Өкінішке орай, көптеген жан шығыны болды, мен осыған уайымдап отырмын. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына көңіл айттым. Әрбір оқиға жеке-жеке зерттелуде. Қылмысы барлар анықталады және жазаландырылады» деді. Тоқаев сонымен бірге елдің стратегиялық базаларының қорғалуы және террористерге қарсы психологиялық бетін қайтару тұрғысынан Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Бейбітшілік күшінің ролі маңызды болғанын айтты.

Кездесуде Ресей лидері Путин Ресейдің Қазақстанның ең ірі сауда ортағы болғанына риза екенін, 2021 жылы екі жақтылы сауда мөлшерінің 34 пайыздық артумен 25.6 миллиард долларға жеткенін, бұл тамаша нәтиже екенін білдірді. Кездесуден кейін екі лидер білім беру, атомдық энергия салаларында маман жетілдіру, цифрландыру және ғарышты игеру бойынша 10 өзара түсіністік туралы келісімге және темір жол тасымалы саласындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген ортақ баспасөз жиналысында Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университеті сияқты Ресейдің басты университеттерінің бөлімшесінің Қазақстанда ашылатынын тілге тиек етті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 ақпанда Ресей сапары аясында Татарстанға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазан Халықаралық әуежайында Татарстан президенті Рустем Минниханов күтіп алды. Тоқаев пен Минниханов әйгілі Қазан Кремліндегі Құл Шариф мешіті мен Сүйінші храмына зиярат жасады. Екі лидер Қазақстан мен Татарстан арасындағы мәдени, сауда және экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдарын қолға алды. Кездесу соңында Татарстан президенті Рустем Минниханов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа татар-қазақ ынтымақтастығын дамытуға және екі халық арасындағы достықты бекемдеуге қосқан есесіне орай «Достық медалін» ұсынды. Тоқаев Татарстанда «Татнефть» компаниясына сапарлай барды. Ресей Федерациясының ең ірі мұнай және табиғи газ өндіушісі болған «Татнефть» пен «ҚазМұнайГаз» арасында мұнай базаларын барлау және іске қосу саласындағы ортақ жобаларды жетілдіру келісімі мен жол картасына қол қойылды.

Қорыта айтқанда, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына сапары табысты өтті.



Ұқсас жаңалықтар