Эбру өнерінің дәстүрлі түрік өнерлерінің бірі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 23

1774366
Эбру өнерінің дәстүрлі түрік өнерлерінің бірі екенін білетін бе едіңіз?
ebru.jpg

Эбру өнері – желім түрімен қоюландырылған суға бояулармен өрнек салу және осы өрнектерді қағазға көшіру. Эбру өнері негізінен безендіру өнері болып табылады. Бұл сәндік өнердің көмегімен үйлер мен жұмыс орындары үшін керемет безендіру элементтері жасалады.

Орталық Азияның ең маңызды көркемдік және қағаз безендіру өнерінің бірі эбру өнерінің қашаннан бері белгілі болғанын айту мүмкін емес. Алғашқы құжатталған эбру өнері 16-ғасырға жатады. Османлы дәуірінде маңызды бизнес саласы болған эбру өнері туралы ең көне түрік туындысы 1615 жылдан кейін жазылған. Батыста эбру өнері үшін мәрмәр қағазы және түрік қағазы сияқты атаулар қолданылады.

Эбру өнері «тезхиб» және «хат» өнерлерімен бірге кітап беттерінде, қолжазбалардың шеттерінде, түптеу мен мәтіндердің арасында қолданылуына қоса бүгін өз алдына бір өнер туындысы ретінде бағаланып, көрмеге қойылады.

Бұрын бұл өнермен көп адамдар күн көретін болса, қазіргі таңда эбру өнері тек хобби ретінде жасалатын бір өнерге айналды.



Ұқсас жаңалықтар