Түркия мен Еуразия елдерінің байланысы жақсы

Еуразия күн тәртібі – 20

1762939
Түркия мен Еуразия елдерінің байланысы жақсы

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия мен Еуразия елдерінің 2021 жылғы қарым-қатынастарына тоқталамыз.

2021 жылы коронавирус індеті жалғасқан, шекараларда дағдарыстар болған, ел экономикалары есін жинауға талпынған бір жыл болды. Осы қиындықтарға қарамай Түркия Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынастарын жандандырды. Өзара сапарлар ұйымдастырылды. 2021 жылы 15-16 маусымда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға барды. Сапарда Шуша хаттамасына қол қойылды. Ердоғанның Әзербайжанға 2021 жылы 26 қазандағы сапарында Халықаралық Фузули әуежайының беті ашылды. ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп, министрлер мен басқа лауазымдылар делегациясы жыл бойы Әзербайжанға сапарлай барды.

2021 жылы 29 қыркүйекте Президент Режеп Тайып Ердоған Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Путин Ердоғанмен 2021 жылы көп мәрте телефонда сөйлесті. Президент Ердоған 27-28 қарашада Түрікменстанға барды. Екі ел арасында 8 келісім жасалды. 28 қарашада Ердоған «Бірге болашаққа» тақырыпты 15-ші Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы саммитіне қатысты. 4 наурызда Президент Ердоғанның кезекті төрағалығында 14-ші Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы саммиті «Ковид-19-дан кейінгі Аймақтық Экономикалық ынтымақтастық» тақырыбымен интернет арқылы өткізілді.

2021 жылы 27 маусымда Түркия президентінің орынбасары Фуат Октай 6-шы Түркия-Өзбекстан Үкіметтерарасы Аралас Экономикалық комиссиясы жиналысы үшін Өзбекстанға барды. 5-10 наурыз арасында Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Орталық Азиядағы Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сапарлай барды. Мевлүт Чавушоғлу Самаркандта Түркия Бас консулдығының, Бішкекте Қырғызстан-Түркия Манас университетінде Денсаулық сақтау орталығы мен Пандемиямен күрес зерханасының бетін ашты.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 28 маусым мен 2 шілде арасында Қырғызстан мен Тәжікстанға сапарлай барды. 2021 жылы Грузия, Украина және Қырғызстан лидерлері Түркияға келді. 1 маусымда Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили Түркияға премьер-министр мәртебесімен тұңғыш сапарын ұйымдастырды.

10 сәуірде Украина президенті Владимир Зеленский Стамбулға келді. 9-11 маусымда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркияға алғашқы сапарын ұйымдастырды. Президент Ердоған 31 наурызда интернет арқылы өткізілген «Түркістан: Түркі әлемінің рухани астаналарының бірі» атты Түрік Кеңесінің бейресми саммитіне қатысты. 12 қарашада Стамбулда 8-ші Түрік Кеңесі саммиті Ердоғанның үй иесі болуымен өткізілді.

2021 жылы ауыр өткеніне қарамай Түркияның Еуразия елдерімен қарым-қатынастары тұрақты жалғасты. Өзара сапарлар мен жоспарланған халықаралық ұйым саммиттері өтті. Аймақ елдерінен Украина, Әзербайжан, Түрікменстан мен Қырғызстан Түрік Қарулы адамсыз әуе көліктерін сатып алды.

Қорыта айтқанда, Түркия Еуразия географиясындағы елдермен қарым-қатынастарын бекемдеді.



Ұқсас жаңалықтар