Карстың Боғатепе ауылында ірімшік мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 15

1746366
Карстың Боғатепе ауылында ірімшік мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Карстың Боғатепе ауылында ірімшік мұражайы бар екенін білетін бе едіңіз?

Карстан шамамен 1 сағаттық жерде орналасқан Боғатепе - әйгілі Карс Грюйер ірімшігі өндірілетін ауыл. Швейцариялықтар Альпі тау жүйесіне ұқсатқан бұл ауылда Түркияның алғашқы ірімшік мұражайы ашылған.

Ауылда 1880 жылы салынып, ұзақ уақыт пайдаланылмаған сүт зауыты Боғатепе Қоршаған орта және өмір бірлестігі басшылығы мен азаматтар тарапынан қалпына келтіріліп, мұражайға айналдырылды. 2010 жылы ашылған бұл гастрономиялық мұражайға Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) да қолдау көрсетуде.

Үш бөлімде ұйымдастырылған мұражайда Боғатепе, Карс грюйері және ірімшік тарихын сипаттайтын суреттер мен мақалалар бар. Осында дәстүрлі үй ірімшігінің жасалу кезеңдерін және ірімшік жасауға байланысты ескі ірімшік қалыптары, ашытқы қалыптары, салмақ өлшеуіштері сияқты сыр жасаумен байланысты материалдарды көруге болады.

Мұражайда сондай-ақ өңірде өсетін шамамен 100-ге жуық табиғи өсімдік түрі таныстырылатын бір панно да бар. Табиғи емдеу әдісі ретінде қолданылатын бұл өсімдіктердің атаулары, фотосуреттері және не үшін қолданылатыны түсіндіріледі.



Ұқсас жаңалықтар