Оңтүстік Кавказдағы жағдайлар тұрақсыз

Еуразия күн тәртібі – 08

1723707
Оңтүстік Кавказдағы жағдайлар тұрақсыз

Бүгінгі бағдарламамызда Оңтүстік Кавказдағы соңғы оқиғаларға тоқталамыз.

Әзербайжанның жеңісімен аяқталған 44 күндік Қарабах соғысына бір жыл толды. Оңтүстік Кавказдағы мәселелер әлі толық шешімін тапқан жоқ. Сонымен бірге соңғы кездерде осы тақырыпта кейбір маңызды кездесулердің өтіп жатқаны да байқалуда. Алдымен осы оқиғаларға көз жіберейік.

2021 жылы 12 қазанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мәскеуде бір жылда 4-ші мәрте кездесу өткізді. Лидерлер бастысы Қарабахтағы жағдайды қолға алды. Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар 12 қазанда Арменияға сапармен барды. Субрахманям Джайшанкар Арменияға сапарлай барған тұңғыш Үндістан Сыртқы істер министрі ретінде тіркелді. Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар Армения премьер-министрі, Мәжіліс төрағасы және Сыртқы істер министрімен жеке-жеке кездесу өткізді. Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян баспасөз жиналысында екі елдің қорғаныс саласындағы қарым-қатынастарды тың белеске көтеретіндерін айтты. Кездесулерде Халықаралық Оңтүстік-Солтүстік Қатынас дәлізінде ынтымақтастық жасау тақырыптары талқыланды. 2021 жылы 13 қазанда Мәскеуде Ресей, Армения және Әзербайжан діни лидерлері ортақ жиналыс өткізді. Жиналыста діни лидерлер Оңтүстік Кавказ халқын өшпенділік тілін қолданудан аулақ болуға және бейбітшілікке шақырды.

2021 жылы 14 қазанда Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Сыртқы істер министрлері жиналысы аясында Ресей, Армения және Әзербайжан Сыртқы істер министрлері бас қосты. Сыртқы істер министрлері Қарабах мәселесіне байланысты процесті талқылады.

2021 жылы 15 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитіндегі сөзінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армениямен шекараларды белгілеуге, бейбітшілік келісімін жасауға дайын тұрғандарын жариялады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян осы жиналыста Минск тобының бастамасымен Әзербайжанмен бейбіт кездесулерді өткізуге дайын болғандарын білдірді. Тұтқындардың босатылуына қарымжы ретінде мина төселген жерлердің карталарын беруге дайын екендерін жариялаған Пашинян Бакуде 44 күндік соғыстың қалдығы ретінде көрмеге қойылған армян әскерлерінің мүсіндерінің шығарылуын болымды оқиға ретінде бағалады және Оңтүстік Кавказдағы барлық қатынас дәліздерінің ашылуы үшін үш тарапты делегацияның жұмыс жасап жатқанын ескертті.

2021жылы 25 қыркүйекте Нью-Йоркта Армения мен Әзербайжан Сыртқы істер министрлері 2020 жылғы қарашадан кейін тұңғыш рет бас қосты. Қазанның алғашқы жартысында дипломатиялық байланыстар көбейді. Армения премьер-министрінің Зангезур дәлізінің ашылуына жасыл шырақ жағуы тамаша оқиға болды. Кавказ аймағындағы елдер өз мәселелерін өздері шешуді қалайтыны байқалуда. Аймақтық мәселелер шешімін тапқаннан кейін Оңтүстік Кавказдағы Шығыс-Батыс Қатынас дәлізіне балама болатын Оңтүстік-Солтүстік Қатынас дәлізінің қалыптасуы күн тәртіпке келуі мүмкін. Соңғы оқиғалар аймақтың тұрақтылығы мен өркендеуі тұрғысынан өте маңызды болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар