Бурсада жүздеген жылдық базарлардың әлі қызмет еткенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 4

1711830
Бурсада жүздеген жылдық базарлардың әлі қызмет еткенін білетін бе едіңіз?
bursa-çarşı.jpg
Bursa.jpg

Бурсада жүздеген жыл бұрын құрылған базарлардың әлі де қызмет еткенін білетін бе едіңіз? 

Османлы мемлекетінің алғаш бас қаласы Бурсада 14-ғасырда бір сауда аймағы құрыла бастайды. 16-ғасырға дейін қалада көптеген қонақ үй мен базар салынды. 

Бурсада 700 жыл бойы «сауданың жүрегі» деп аталатын және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген «Тарихи базарлар» мен «бұрынғы сәулет өнерімен салынған қонақ үйлер» аймағы қаланың маңызды туристік орындарының бірі болып табылады. 

30-ға жуық үлкен қонақ үй мен базар ішінде ең белгілісі Бурса қаласының мақтанышы әлемге әйгілі өнер туындысы «Коза Хан». «Коза Хан» ғимараты екі төртбұрыштыға жақын тікбұрыштан және ауласының айналасында екі қабатты  95 бөлмеден тұрады.  

Тарихи Жібек жолы сауда желісінің Азиядағы соңғы аялдамасы «Коза Хан» сондай-ақ «Жібек базары» деп те аталады. 

Бурсадағы жібек құрты пілләсін өндіру орталығы болған «Коза Ханның» ауласында саудагерлер 1970-ші жылдарға дейін өз өнімдерін, ал ауыл тұрғындары болса қаппен әкелген жібек құртынан алынған пілләлерін сатуға мүмкіндік тапты. 

Бүгінгі күні болса базар өзінің жоғарғы қабатында әртүрлі жібек өнімдерінің барлық түрін сататын дүкендердің арқасында өзінің коммерциялық өміршеңдігін сақтап отыр. 



Ұқсас жаңалықтар