Түркияда әйелдердің спорттық өмірге Республикамен бірге қосылғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 1

1702854
Түркияда әйелдердің спорттық өмірге Республикамен бірге қосылғанын білетін бе едіңіз?

Түркияда әйелдердің Республикамен бірге спорттық өмірге қосылғанын білетін бе едіңіз?

Ататүріктің түрік спорт саласына әкелген ең маңызды жаңалықтардың бірі – әйел спортшылар. Түрік әйелі Ататүріктің реформалары және нақты тапсырмалары арқылы түрік спортында өз орнын алды. Еркек спортшылардың қыздары, әпкелері, тіпті жұбайларымен басталған бұл бастамалар қысқа уақытта қалың бұқараға тарады.

Жеңіл атлетика және тенниспен көріне бастаған түрік әйелі 1926 жылы алғаш рет жеңіл атлетика жолдарында байқалды. Әйелдер кейіннен ескек есу, семсерлесу және жүзу салаларында өздерін көрсете бастады. Түркия атынан Олимпиада ойындарына қатысқан алғашқы спортшы әйелдер 1936 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында семсерлесуден жарысқан Суат Фетгери мен Халет Чамбел болды. 1992 жылы Барселона Олимпиадасына қатысқан дзюдошы Хулия Шенйурт қол жеткізген 3-ші орынмен Олимпиадада медаль алған алғашқы түрік әйел спортшы болды. 2004 жылғы Афины Олимпиадасында болса Нұржан Тайлан Түркияның алтын медалін жеңіп алған алғашқы әйел спортшы ретінде тарихта қалды. Токио 2020 Олимпиадасында түрік әйел спортшылар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп, тарихтағы ең үлкен табысқа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар