Ыхлара сайы

Анадолының тұңғыштары - 24

1697858
Ыхлара сайы

Жер бетінің географиялық пішіндері миллиондаған жылда қалыптасады.  Теңіздер құрлыққа қарай жылжиды кейде,  кейде құрлықты қысыммен қысып, тауларды қалыптастырады. Қалыптасуы көптеген жыл уақыт алатын көлдер, өзендер, үстірттер, жазықтар бүгінгі Жер шарымызды пішіндейді.  Әрбірі жандылар үшін бас тартылмайтын тіршілік алаңын қалыптастырады. Жер бетінде тіршілік осы құбылыстардың арқасында жалғасады. Адамдар да тамақтану, баспана, қорғану секілді негізгі мұқтаждықтарын осы алаңдар арқасында қамдайды.  Анадолы территориясында да өзендер адамдар үшін өте маңызды болған әрдайым. Әлем тарихына із қалдырған өркениеттер қалыптасқан. Вулкандық таудан атқылаған лавалары он мыңдаған жыл бойы әсерін тигізген Мелендиз жылғасының орны болса бөлек. Себебі Мелендиз жылғасы адамдар өмір сүрген әлемнің ең ірі каньондарының бірі Ыхлара сайын қалыптастырған.

**

Ыхлара сайы бойымен ирелеңдеп ағады Мелендиз жылғасы. Жылдар бойы желдің де көмегімен туфтан қалыптасқан жартастарды ескіртеді.  Осылайша бірінен бірі қызық жер бедерлері ортаға шығады. Биіктігі жүз метрге баратын осы керемет каньон әлемде теңдесі аз кездесетін табиғи және тарихи байлыққа ие. Осы сайға адам баласы өте ежелгі дәуірден бастап қоныс тебе бастаған. Мыңдаған жыл ішінде мәдениеттердің табысқан жеріне айналған.  Аксарайдың Гюзелюрт ауданында орналасқан сай табиғат кереметі деп есептеледі.  Бірақ сонымен бірге үш ірі діннің бірі христиандықтың тарауында маңызды рол ойнаған. Себебі христиандықтың алғашқы жылдарынан бастап маңызды діни орталық болған Каппадокияның ең жасырын және ең қорғалған елді мекендерінің бірі Ыхлара сайы.

Сайды қоршап тұрған жартастардың оңай ойылуы адамдардың жүздеген шіркеу және тұратын баспана салуына мүмкіндік берген.  Табиғатта серуендеуді ұнататын болсаңыз 14 километрлік Ыхлара сайы ашық ауа мұражайына төрт жүзге жуық сатымен түсіп баруға болады. Жап-жасыл сайдың түбінде Мелендиз жылғасының жанында жүріп отырып 80 мың шақты адам өмір сүрген, жүздеген шіркеуді, 16 монастырь мен басқа да елді мекендердің іздерін көру мүмкіндіңіз болады. Барлығы жақсы жағдайда болмаса да, аймақтың геологиялық ерекшелігі арқасында жартастарға ойылған Ейриташ, Сүмбүллі, Йыланлы және Кокар секілді он екі шіркеуді көруге болады. Жартастарға ойылған фрескалар орын алған шіркеулерді,  осы теңдесі жоқ мәдениет және тарих қазынасын өз көзіңізбен көріңіз.

Ейриташ шіркеуі – өте үлкен бір ғибадат орны.  Ол сайдың ең ежелгі шіркеулерінің бірі.  Екі қабатты және фрескалармен әшекейленген шіркеудің бүгінгі күні тек бір бөлімі ғана құламай қалған. Фрескалар өте ескі. Бірақ түстерінің қанықтығы адамды таңғалдырады.

Інжілдегі кейбір тақырыптар мен ол дүниеге байланысты фрескаларымен атағы шыққан басқа бір ғимарат – Йыланлы шіркеу. Ыхлара сайы аяқталған жерде болса пері мұржаларымен бірге Селиме катедралі күтіп тұрады. Осы өңірдің ең ірі катедралы болып саналатын екі қабатты Селиме катедралы дін қайраткерлері білім алатын, бірінші дауыстап өткізілген діни жиын болған жер болуы себебімен назар аударады.

**

Ыхлара сайы негізінде пері мұржалары,  үңгірлер және ежелгі өркениеттердің іздері қалған сиқырлы атмосферасымен Каппадокия аймағының бір бөлшегі.  Каппадокияның тарихы хеттерге дейін созылады, бірақ зұлымдық пен өлімнен қашқан алғашқы христиандардың баспанасы ретінде танымал. Аман қалу және жаңа дінді тарату үшін аймаққа келгендер жер асты қалаларына қоныс тебеді. 150-ден астам жер асты қаласы болғаны болжалса да,  қазірге тек 36 данасы жарыққа шығарылған.

Жер асты қалалары жедел жағдайда және шабуыл кезінде жасырынуды мүмкін қылады. Адамдардың сенімді түрде өмір сүруі үшін қажетті барлық нәрсе ойластырылған. Бұл қалаларды сол себепті инженерлік кереметі деп айтуға болады. Бөлмелер, асханалар, қоймалар, қора мен шіркеулер тар коридорлар арқылы бір бірімен байланысады. Сырттан келетін шабуыл мен басқындарға қарсы бөлмелерді үлкен және ауыр дөңгелек тастармен жауып алады. Желдету мұржалары, жылыну және канализация жүйелері болса осы қалалардың бас тартылмастары.  Жер асты қалаларын көріп, таңғалмау мүмкін емес. Жер бетінде басқаша өмір сүрсе де, нанымдары үшін тар және кішкентай жерлерде күннен алыс өмір сүргендердің батылдығына қайран қалады адам.

Деринкуюы, Каймаклы және Татларин – жер асты қалаларының арасындағы ең атақтылары. Бұларға көп адам келіп, аралайды.  Деринкуюы -  хеттер тарапынан құрылған, Каппадокияның ең тартымды қалаларының бірі. Осы жер асты қаласы 12 қабаттан тұрады. Және 50 метр тереңдікке дейін барады.  Қалада бір уақытта 50 мыңнан астам адам өмір сүрген. Өте үлкен осы қалада керемет жұмыс істеген желдету жүйесі, миссионер мектебі,  тығылу бөлмелері, су құдықтары мен зындан болған.  Мамандар үшінші қабатта анықталған он километрлік туннельдің Каймаклы жер асты қаласымен байланысқанын алға тартады.

Каймаклы жер асты қаласы да хеттер кезінде құрылған.  Ол кезде қала екі қабатты болған.  Христиандар осында қоныстанған соң тағы алты қабат ойған.  Бір мезетте бес мың адам өмір сүрген.  Қалада қора, қабір, шіркеу және қоймалар бар.  Каймаклы Деринкуюы жер асты қаласының жартысындай ғана болса да, едеуір маңызды қала болған.

Татларин жер асты қалаларының ішіндегі ең үлкені. Осында көптеген шіркеу, азық қоймасы және үлкен бөлмелер болғаны себепті монастырь кешенесі деп болжалады.  Қаланың тек екі қабатын ғана аралауға болады.  Осы қалада әжетхананың болуы оны басқа жер асты қалаларынан бөліп тұрады.

**

Жер асты қалаларында өмір сүргендер жартастардың арасын ойып,  дақыл және кептірілген азықтарын сақтаған. Суларын жер асты суынан қамдаған, қаланы өз дәуірінен де асып түсетін инженерлік және сәулет білімімен салған. Технология дамымаған бір дәуірде жер асты қалаларының осыншама мінсіз қалай салынғаны болса әлі күнге құпия.

Көрінбейтін естеліктер, шегілген азаптар,  берілгендік, жер бетінен бас тартып,  нанымы үшін жер астында тұруға разы болу.  Жер асты қалаларына барып, осылар туралы ойламау мүмкін емес.

Түркия үні радиосында қазақ тіліндегі эфирде бүгін адамдар өмір сүрген әлемнің ең үлкен каньоны Ыхлара сайы туралы, зұлымдықтан қашқан христиандарға мекен болған жер асты қалалары туралы айтып бердік.



Ұқсас жаңалықтар