Диярбакыр қамалының шамамен жеті мың жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 81

1673578
Диярбакыр қамалының шамамен жеті мың жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Диярбакыр қамалдарының шамамен жеті мың жылдық тарихы бар екенін білетін бе едіңіз?

Түркияның Оңтүстік шығыс Анадолы аймағында орналасқан Диярбакыр замандас бет-бейнесімен қатар тарихтың куәгері қамалымен танымал қала. Біздің дәуірімізге дейінгі 3000-4000 жылдары аралығында салынғаны болжалған және әлемнің ең көне өркениеттерінің куәсі болған Диярбакыр қамалы әлемдегі ең мықты қабырғаларының бірі болып табылады. Диярбакыр қамалының айналдыра ұзындығы шамамен 5200 метрді құрайды. Қорғаныс мақсатында салынған бекіністер мен қамал қабырғаларының биіктігі керемет көрінеді. Бекіністер мен қамал қабырғаларында ойылған рельефтер өте әсерлі және керемет көрініске ие.

Диярбакыр қамалының 4 негізгі кіріс қақпасы бар. Тарихи дереккөздерге қарағанда, бұл төрт қақпа Месопотамияның ең маңызды сауда жолы ретінде қабылданған Диярбакырды бақылау және кіру-шығуды қамтамасыз ету үшін салынған. ХІХ-ғасырға дейін қамалдың қақпасы Күннің шығысымен ашылып, Күннің батуымен жабылатын және кейін қалаға кіріп шығуға болмайтын.

Тарихтың өте маңызды кезеңдеріне куә болып бүгінгі күнге дейін жеткен Диярбакыр қамалын 2015 жылы Әлемдік мұра тізіміне енгізуге ​​шешім қабылданды.



Ұқсас жаңалықтар