«Дөнер» кәуаптың тарихының 18-ғасырдан басталғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 80

1669645
«Дөнер» кәуаптың тарихының 18-ғасырдан басталғанын білетін бе едіңіз?

«Дөнер» кәуаптың (айналмалы кәуап) тарихының 18-ғасырдан басталғанын білетін бе едіңіз?

Анадолыда айналмалы кәуап туралы алғашқы ақпарат 1750 жылдардан басталады. Орталық Азиядан шыққан кәуаптың бір түрі ретінде танымал айналмалы кәуаптың Османлы дәуірі саяхатнамаларында 18-ғасырда орын ала бастағаны байқалады.

Қозыны айналмалы пісіруден шабыт алып бүгінгі форматына айналған айналмалы кәуап кейбір ақпарат көздеріне қарағанда соғыс майданындағы әскерлердің шикі етті қылыштарына салып, отқа төңкеріп, пісірілген бөлігін пышақтарымен кесуден пайда болған деп айтылады. Басқа дереккөзге қарағанда, 1850 жылы Бурса қаласында Искендер бей тарапынан түрік тағамдары қатарына қосылғаны алға тартылады және Бурса айналмалы кәуабының шыққан жері болып саналады. Искендер бей бала кезінде әкесінің мейрамханасында пісірілген қозыларды тігінен салуға тырысады. Тігінен жасалған кәуап сәттілікке жетеді және бірнеше жылдан кейін «дөнер кебаб» (айналмалы кәуап) деп аталады.

Дөнер кәуаптың сэндвич түрінде бүкіл әлемде «фаст-фуд» ретінде сату 20-ғасырдың соңында басталады. Бүгінгі күні әлемнің көптеген елінде өте жақсы көретін және таңдаулы бір тағам болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар