Президент Ердоған Әзербайжанға сапармен барды

Еуразия күн тәртібі – 78

1665005
Президент Ердоған Әзербайжанға сапармен барды

Бүгінгі бағдарламамызда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Әзербайжан сапарына тоқталамыз.

2021 жылы 15-16 маусым арасында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Әзербайжанға ресми сапармен барды. Президент Ердоғанның сапары армян жаулап алуынан құтқарылған аймақтарға сапармен барған тұңғыш бауырлас ел лидері болуымен де маңызды. Президент Режеп Тайып Ердоған 15 маусымда Шушада Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тарапынан ресми рәсіммен күтіп алынды. Екі лидер оңаша кездесу өткізді. Артынан Ердоған мен Әлиев «Шуша декларациясына» қол қойды.

Қол қою рәсімінен кейін екі лидер ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Баспасөз жиналысында президент Ердоған Шушада Түркия Бас консулдығының ашылатынын хабарлады және «Түркия ретінде қайта құру жұмыстарында да бауырластарымызға барлық қолдауды береміз» деді. Түркия мен Әзербайжан Қарабахты бірге жаңартады. Қарабахтың қайта құрылуында ирандық және орыс мердігерлердің де қатысу тілектері бар.

Түрік-орыс бақылау түйінінде міндет атқарған түрік әскерлерімен кездескен Ердоған артынан Баку қаласына барды. 16 маусымда президент Ердоған Әзербайжан Мәжілісінде баяндама жасады. Ердоған баяндамасында Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату үшін Түркия мен Әзербайжанның аймақта көлемді ынтымақтастық жасауға дайын екенін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан сапарынан кейін журналистерге берген сұхбатында «Шуша декларациясының» әскери базаны қамтитынын, алдағы кезеңде тараптар арасында өтетін кездесулерде мұның нақтыланатынын айтты. Осыған орай орыс жағы аталмыш процесті бақылап отыратындарын білдірді.

«Шуша декларациясындағы» «Тараптардан бірінің тәуелсіздігі мен территория тұтастығына үшінші ел тарапынан қауіп төнсе және шабуыл жасалса, тараптар өзара қажетті жәрдемді жасайды» деген бабы назар аударды. Бұл баб Оңтүстік Кавказда тепе-теңдікті қорғау тұрғысынан өте маңызды болмақ. «Шуша декларациясы» Түркияның Кавказдағы басты актерлердің бірі екенін анықтаған құжат ерекшелігінде. Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу Мемлекеттік дипломатия институтының маманы Сергей Маркедонов Спутникке жасаған бағаландыруында батыс елдерінің Грузия, Украина және Молдавиядағы дағдарыстарда Ресейге қарсы наразылығы ауыз жүзінде қалғанын, Түркияның Ресейдің артқы бағы есептелетін Кавказдағы соғыстың беталысын белгілегенін айтты. Сонымен бірге Түркияның аталмыш қадамдарды НАТО мүшесі ретінде емес, Еуразияның ірі күші ретінде басқанын, «Шуша декларациясы» арқылы Түркия мен Әзербайжан қарым-қатынасының ауыз жүзінде ғана емес, нақтылы ең жоғары өреге көтерілгенін көрсетіп, қазіргі жағдайды айқын ортаға салды.

Түркияның Оңтүстік Кавказдағы күшті болмысы Анкараның Түркістанмен қарым-қатынастарына жақсы әсерін тигізеді. Зенгезур дәлізі ашылса, Шығыс пен Батыс қатынасында ең қысқа жол болу ерекшелігімен қоса, аймақта байлықтың артуына да есе қосады. Ресейдің Қарабах соғысында бітімгер болуы және Әзербайжан-Армения тұтқын алмасуында Грузияның рол ойнауы аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Ердоған мен Әлиев ұсыныс еткен алтылық платформа Кавказдың болашағы үшін үлкен бір орай болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар