Еуразия Экономикалық Одағы жоғарғы кеңесі жиналысы

Еуразия күн тәртібі – 74

1647747
Еуразия Экономикалық Одағы жоғарғы кеңесі жиналысы

Бүгінгі бағдарламамызда Еуразия Экономикалық Одағы жоғарғы кеңесінің жиналысына тоқталамыз.

2021 жылы 21 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығында Еуразия Экономикалық Одағы жоғарғы кеңесі видео арқылы жиналыс өткізді. Жиналысқа Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Куба президенттері, Одақтың құрметті төрағасы мен Бас хатшысы қатысты.

Баршаға аян, Өзбекстан мен Куба ұйымға бақылаушы мүше мәртебесінде.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жиналыстағы сөзінде Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында салынып жатқан Халықаралық Орталық Азия логистикалық орталығы сияқты орындарды Еуразия Экономикалық Одағы географиясына кеңейтуді ұсыныс етті.

Жиналыста баяндама жасаған Одақтың құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Экономикалық Одағы шаңырағы астында ұйымдасуды қаламайтын күштердің бар екенін білдірді және бұл күштердің кімдер екенін ашық айтпады.

Беларусь президенті Александр Лукашенко сөзінде одақтың алдындағы ең басты кедергінің Батыс елдері екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин жиналыстағы сөзінде «Спутник 5» вакцинасын болашақта Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдердің барлығында өндірудің мүмкін екенін, Ресейдің одақтастарымен вакцина өндіріс техникасын бөліскен тұңғыш ел болғанын білдірді.

Лидерлер жиналыста өзара саудада доллар қолдануды азайту тақырыбын қолдаған мәлімдемелер жасады. Ресей мен Қытай бастаған осы процестің аймақ көлемінде жалпыласуы мүмкін.

Азық-түлік қауіпсіздігі мен азық-түлік бағасы саммитте тілге тиек етілді. Алайда жоғары бағаның төмендеуі жөнінде жиналыста нақтылы ұсыныс жасалмады.

Жиналыс соңында кеден, ауыл шаруашылығы, дәрі-дәрмек сияқты салаларда 14 келісімге қол қойылды.

Өткен жылғы мамырда өткен жиналыста Одақтың жұмыстарына байланысты көптеген сын айтылған болатын. Бұл жолы сын айтылмады. Ресейдің Ковид-19 вакцинасын мүше елдермен бөлісуі, індеттің бақылауға алынуы, экономиканың жандана бастауы одақтың жұмыстарына байланысты сынның азаюында әсерлі болды.

Еуразия Экономикалық Одағына бақылаушы мүше болған Молдова соңғы жиналысқа қатыспады. Майя Санду президент болып сайланғаннан кейін Молдовада Батыспен тоғысу үшін кейбір қадамдар басылды. 2021 жылы 17 мамырда Молдова Сыртқы істер министрі грузин және украиналық әріптестерімен бірге Еуропамен интеграцияны арттыру үшін Біріккен үштік келісіміне қол қойды. Осылайша Молдованың Еуразия Экономикалық Одағы немесе Ресейдің орнына Батыспен тіпті жақын ынтымақтастық орнатуы мүмкін көрінеді.

Еуразия Экономикалық Одағы қазірге дейін Вьетнам, Сербия, Иран және Сингапурмен ынтымақтастық келісімін жасасты. Израиль, Мысыр, Үндістан, Индонезия және Моңғолиямен байланыстар жалғасуда. Алдағы жылдарда аталмыш елдермен ынтымақтастық келісімі жасалуы мүмкін. Еуразия Экономикалық Одағы Қытаймен тығыз экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруда. Халықаралық салада бөліну артса, Одақтың маңыздылығы да арта түседі.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар