Әлемдегі ең ескі батқан кеме

Анадолының тұңғыштары -9

1646249
Әлемдегі ең ескі батқан кеме

Адам баласы өзендерді бақылауға алғанда, бұрынғыдай оның күшінен қорықпайтын болды. Енді су тасқындарынан сақтану және өмірде қалу үшін садақа бермеді. Қашан және не істейтіні белгісіз мықты болмыстар емес еді енді өзендер. Алдымен қарапайым сал жасап, қысқа қашықтықтарда және таяз суда сапар шеге бастады адам баласы. Ағаш қабықтарын және бөлшектерін күрек секілді қолдануды үйренгенде болса одан да терең суға бет алды. Осы қарапайым,  бірақ ықпалды жаңалық сауданың бастауы деп есептелетін тауар алмасуға сүйенген сапарларға да бастаушы болды.  Уақыт өткен сайын осы шектеулі сапарлар адам баласына жетіспейтін болды. Өзендер біткен жерде, көз алдында жатқан тұзды суды және сол судың арғы жағында не бар екен деп қызыға бастады. Белгісізге деген қызығушылық және ықыласпен теңізге ашылуды жоспарлады. Енді сол үлкен  және терең суда сапарлауға болатын көлік қажет еді. Ағаш кеуделерін ойып, бүгінгі заманауи қайықтардың атасы деп саналатын қайық жасады. Бұдан алты мың жыл бұрын Мысырда жасалғаны болжалған осы қайықтар адамзат тарихының маңызды бетбұрыстарының бірі болды. Артынан желдің күшін де байқады. Алғашқы желкендер қолданылды.  Осылайша адам баласының алдына ұшы-қиыры жоқ бір әлем ашылды.

**

Археологтар желкеннің бірінші рет Мысыр мен Месопотамияда қолданылғанын айтады. Жел мен желкеннің арқасында енді күрек есу керек емес болды. Адам баласы қалаған салмақтағы жүкті өте алысқа жеткізе алатын болды. Бастапқыда жақын төңірекке саяхат жасады, сауданы жетілдірді,  теңізде өзін жетілдірген сайын Анадолының оңтүстік жағалауындағы мемлекеттер мен артынан батыстағы өркениеттермен сауданы бастады алғашқы теңізшілер. Жерорта теңізі ашық теңіздерге қарағанда сенімдірек болатын. Алайда қайғылы оқиғалар да болды,  кемелер батты. Біз сол батқан кемелер арқылы көп нәрсе білдік ескі өркениеттер мен бұрынғы уақыт жөнінде.

**

Анадолы территориясы мыңдаған жылдар бойы ондаған өркениетке бесік болды.  Осы жерлер археология жұмағы, көп жерлер ашық ауа мұражайы іспеттес.  Күн сайын ғылым әлеміне таңғалдыратын жаңа нәрселер ашылып жатады. Бұл жаңалықтардың кейбірі бұрынғы білетіндерімізді өзгертеді,  кейбірі ескі мәліметтерді нығайта түседі.  Таулар, тастар, сайлар «мен тарихтың дәл өзімін,  келіңдер, сендерге айтып берейін» деп тұратын секілді. Ал тек олар үн қата ма бізге? Тек құрлықтағылар баяндай ма бізге ежелгі дәуірлерді,  адам баласының тарихын? Әрине, тек олар емес! Анадолының теңіздерінің де айтатын сөзі, баяндап беретін хикаясы көп. Түркияның аймақтық сулары ғылымда теңіз археологиясының бастауы деп қабылданады. Себебі осы теңіздер ежелгі дәуірден бастап әрі теңіз өркениеттеріне мекен болған,  әрі көптеген өркениеттің маршрутында орналасқан.  Үш жағы теңіздермен қоршалған осы территория алдымен сауда флоттары мен флотилиясының, артынан жолаушы кемелерінің және жаңалық ашушылардың бас тартылмас ротасы болған.

**

Әлемдегі ең ескі батқан кеме бірінші рет Түркияның оңтүстігінде, Анталияның Кумлужа ауданында табылды. Сүңгуірлер алдымен сүңгіп жүріп бақыр монеталар көріп, батқан кемені айтып берген. Гелидония батқан кемесі осылай табылады.  Жүк бөлімі бақыр, қола және қалайыдан тұратын батқан кеме бұдан 3200 жыл бұрыннан, яғни Кеш қола дәуірінен қалған. Құрлықта жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының стандарттарына сай, әлемнің тұңғыш су асты қазбасы да осы батқан кемеде жүзеге асады.  Басқаша айтқанда ғылыми мағынада әлемнің тұңғыш жүйелі су асты қазбасы Гелидония батқан кемесінде жүргізіледі. Батқан кеменің қазбасы 1960 жылы және бір маусымда су астында аяқталады.  Батқан кемедегі қоладан жасалған балта,  күрек,  найза, егіншілік және асхана аспаптары теңіздің түбінен жер бетіне шығарылады мыңдаған жылдан кейін. Гелидония батқан кемесінің назар аударатын басқа бір жүгі де қалдық деп есептелген кен қалдықтары. Осы сынықтар сол кездегі адамдардың дәл бүгінгі күні болғандай кендерді қайта өңдегенін дәлелдейді.  3200 жыл бұрынғы аталарымыз бізді тағы бір рет таңғалдырды.

Қазбадан шығарылған жәдігерлер Бодрум қамалының бір су асты мұражайына айналуын қамдайды.  Осылайша Түркияның алғашқы су асты мұражайы құрылады. Бұл қазба Америкада су асты археологиясы жұмыстарының басталуына да бастаушы болады.  Әлемдік су асты археологиясы Гелидония батқан кемесінде туды.

**

Анталияның Каш ауданының суында 1984 жылы табылған Улубурун батқан кемесі Гелидония батқан кемесінің қолынан «Әлемнің ең ескі батқан кемесі» атағын тартып алады.  Себебі бұл батқан кеме Гелидония кемесінен 200 жыл бұрыннан қалған.  «20-ғасырдың ең ірі жаңалықтарының бірі» деп аталатын осы Улубурун батқан кемесі. Қазба жұмыстары он бір маусымға жалғасады.  Мыңдаған сүңгуден кейін бақыр монеталар, көптеген кобальт, туркуваз және күлгін түсті жалпақ монетадан тұратын теңдесі жоқ жәдігерлер шығарылады. Ең ежелгі шикізат деп есептелетін осы шыны монеталар сол дәуірде Сириядан Эгейге шыны саудасының жүргенін айғақтайды.  Айырықша піл және бегемот тістері, қола садақтар,  найза ұштары мен қылыштар табылады.

**

Тасымалданатын тауарлар кемеге тиеліп, барлық нәрсе дайын болған еді. Кипрден жолға шықты. Тып-тыныш теңізде жолға шықты,  көптеген бақыр таситын еді.  Бір мезгілден кейін дауыл басталды,  кеме амалсыздан толқындармен сүйреле бастады. Жүгі ауыр болғандықтан дауылға қарсы тұра алмады. Анталия маңында терең суға батып кете барды.  Теңізшілер енді қайтып үйлеріне оралмады,  тасылған тауар жеріне еш тапсырылмады.

Әлемнің ең байырғы батқан кемесінің хикаясы бұл.  Батыс Анталия батқан кемесі.  Бәлкім оқиғалар бұлай болмаған болар.  Бәлкім басқа нәрселер болған шығар сол күні.  3600 жыл бұрын болған оқиғаларды нақты білу мүмкін емес. Біз бұларды мамандардың болжамдарына сүйеніп айтып отырмыз. Сол күні болған оқиғалар кеменің батуына, көп уақыт бойы теңіздің түбінде жатуына, қайтадан табылатын күнін күтуіне себеп болды. Улубурун батқан кемесі табылғаннан 35 жылдан кейін тағы сол Анталия аймақтық суларында табылды Батыс Анталия батқан кемесі. Бұл жолы әлемнің ең байырғы батқан кемесі деген атағын ол Улубуруннан тартып алады. Себебі ол тағы 200 жыл бұрын болған. Түркия аймақтық суларында тұңғыш, тіпті әлемде алғашқы оқиға. Су асты археологиясының тарихи бағыты өзгереді.  Су асты әлемінің Гөбеклитепесі деп аталады.  Себебі қазірге дейін табылған ең байырғы сауда кемесі бұл. Батыс Анталия батқан кемесі. Қазбаларда 1,5 тонна бақыр жәдігерлер табылады. Сондықтан әлемнің ең ерте, бәлкім алғашқы индустриялық өнімдерін тасыған кемесі деп аталады.

**

Адам баласының теңізге ашылуы, бір бірінен бөлек территорияларға қадам басуы жаңа мәдениеттер тануына және сауданың басқа өреге жетуіне жол ашады. Мысалы бүгінгі Сирия мен Ливан төңірегінде өмір сүретін және мықты кемелері болған Финикиялықтар өздері өндірген люкс тауарларды Месопотамия, Грекия, тіпті кейбір тарихшылардың айтуынша Ұлыбританияға дейін тасыған. Анадолы жағалаулары да әр дәуірде осы маңызды сауда ротасының орталығында орналасқан.  Әлем су асты археологиясының басталуына және дамуына жетекші болады Түркия аймақтық сулары. Ең маңызды қазбалар осы суларда жүргізіледі.  Баға жетпес туындылар және мәліметтер әлемнің ең байырғы батқан кемелерінде қолға түседі. Көбіне қол жеткізілген болса да,  әлі ашылуды күткен қаншама батқан кеме бар теңіздерімізде. Топырақтың астынан да,  теңіздің тереңдіктерінен де тарих атқылайды Анадолы жерінде.

 

 



Ұқсас жаңалықтар