Орталық Азия-Қытай қарым-қатынастары жақсаруда

Еуразия күн тәртібі – 73

1643774
Орталық Азия-Қытай қарым-қатынастары жақсаруда

Бүгінгі бағдарламамызда Орталық Азия мен Қытай қарым-қатынастарына тоқталамыз.

2021 жылы 2 мамырда Қытайдың Шиан қаласында 2-ші Қытай - Орталық Азия Сыртқы істер министрлері жиналысы өткізілді. Жиналысқа Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан Сыртқы істер министрлері қатысты. Жиналыста екі жақты қарым-қатынастар, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы, Ковид-19 індетімен күрес, Ауғанстандағы жағдай, аймақтың қауіпсіздік мәселелері қолға алынды. Жиналыста Орталық Азия мен Қытай қарым-қатынастарындағы басты 12 тақырып белгіленді. Жиналыс аясында екі жақтылы кездесулер де өткізілді.

Сыртқы істер министрлері жиналысында Ковид-19 індетімен күрес, дәстүрлі медицина орталықтарының Орталық Азия Республикаларында көбейтілуі, интернет арқылы денсаулық сақтау қызметін беруді арттыру тақырыптарындағы ынтымақтастықты бекемдеуге шешім қабылданды. Қытай мен Өзбекстанның ортақ вакцина өндіргендерін де айта кетейік.

Жиналыста Пекин әкімшілігі Орталық Азия елдеріне қатынас саласында «Жасыл дәліз» орнатуды ұсыныс етті. Кеден және салық кедергілерінен оңай өту мақсатында осы ұсыныс өте маңызды. Пандемия кезінде Қытай өнімдерінің Батысқа жеткізілуінде Орталық Азиядан өтетін темір жол қатынасы маңызды рол атқарды. Қытай-Орталық Азия темір жолымен тасылған жүк 2020 жылы оның алдындағы жылдан 56 пайыз артып 517 мың контейнерден асты. Қытай Қазақстан арқылы темір жол қатынасын түрлендіріп, Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы жаңа бір темір жол желісін орнату ниетінде.

Жиналыс соңында Ауғанстан, Аймақтық Ынтымақтастықты бекемдеу және Пандемиямен ортақ күресу тақырыптарында ортақ мәлімдемелер жарияланды. Қытай - Орталық Азия Сыртқы істер министрлері жиналысы үлгісін қалыптастыруға байланысты келісімге қол қойылды.

Түркі Республикалары «Орталық Азия-Қытай Сыртқы істер министрлері жиналысына» ұқсас үлгімен Жапония, Оңтү сік Корея, Еуропа Одағы, АҚШ, Үндістан және Ресей елдерімен жиналыстар өткізілуде. Түркі Республикаларының бірге әрекет жасауы, өзара ынтымақтастықты бекемдеуі және аймақтық ортақ мүдделерін ірі елдермен тіпті оңай шешімге жеткізуі тұрғысынан осы үлгі пайдалы болды.

Қытай Орталық Азия Республикалары байланыстарында өзге бәсекелестерінен алда болу мақсатымен нақтылы қадамдар басуды қалайды. Мысалы, Шиандағы жиналыста бұдан былай өтетін жиналыстарда жасалған шешімдердің атқарылуына жауапты Сыртқы істер министрінің орынбасарларынан ұйымдасқан бір комиссия құру және Сыртқы істер министрліктерінде Қытай-Орталық Азия жиналыстарына жауапты бөлім құруға шешім қабылданды. Ғалымдар мен мамандардан ұйымдасқан делегациялар құру және олармен үнемі байланыс жасап тұруға да шешім жасалды. Қорыта айтқанда, тараптар «Орталық Азия-Қытай Сыртқы істер министрлері жиналысынан» жақсы пайдалануды қалайды.

Қазіргі санаққа қарағанда аймақ елдерінің ең ірі сауда ортағы, ең басты несиемен қамдаушысы Қытай болып отыр. Қытайдың аймақтағы әсері экономикамен шекті қалмайды. Тәжікстанда әскери база құрған Қытай АҚШ Ауғанстаннан әскерін шегіндіргеннен кейін аймақтағы әскери күшін бекемдеуді қалайды. Конфуций институттары арқылы аймаққа кіре бастаған Қытай ұзақ болашақта барлық салада Орталық Азияның ең ірі серігі болу ниетінде.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.


 



Ұқсас жаңалықтар